Онлайн тест

НегізгіhornavЖаңалықтарhornavҰстаздар күні аталып өтілді

Ұстаздар күні аталып өтілді

Жаңалықтар

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Ұлағатты ұстазға мың алғыс» атты салтанатты іс-шара өтті. Мұғалімдер күніне арналған жиынға оқу орнының профессор-оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері қатысты.

Кешті ТарМПИ ректоры Дария Қожамжарова ашып, институт ұжымын кәсіби мерекесімен құттықтады.

– Мағжан Жұмабаев: «Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» деген екен. Жарты ғасырға жуық уақыттан бері мыңдаған түлекті қабырғасынан түлетіп ұшырған, өзіндік салт-дәстүрімен бай, көпжылдық білім саласындағы және ғылыми жұмыстарда тәжірибесі мол бірден-бір жоғары оқу орны Тараз мемлекеттік педагогикалық институты ұстаздарының еңбегі қашан да зор құрметке ие. Игілікті ісімен, салиқалы сөзімен егемен еліміздің болашағын ойлайтын, тәуелсіздігін қорғайтын білімді ұрпақтың тәлімгері сіздерсіздер дегім келеді, құрметті ұстаздар! – деді Дария Қожамжарова.

Сондай-ақ Д. Пернешқызы 23-25 қыркүйек күндері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Астана қаласында «Тарихы терең Тараздан тағзым» атты Жамбыл облысының мәдени күндеріне белсене атлсалысып, сүбелі үлестерін қосқан бір топ қызметкерге Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевтың Алғыс хатын тапсырды.

«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару – екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру.

«Ұстаздардың ұстаханасы» атанған Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында бүгінгі күні 6 мыңға жуық студент білім алуда, оларға 15 ғылым докторы, 130-дан астам ғылым кандидаттары мен 200 ғылым магистранттары дәріс береді.

Мерекелік кеш соңы оқу орнының өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

Сонымен қатар Химия-биология факультетінде де Ұстаздар күні кең көлемде аталып өтілді. «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» атауымен өткен іс-шара барысында факультет студенттері ұстаздарына деген ыстық ілтипатын әсем әнімен күмбірлеген күйімен білдірді.

«Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» деген Мағжан Жұмабаевтың сөзін негізге алсақ, ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Олар зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды, жалпы адамзатты тәрбиелейді. Себебі, мейлі шахтер, ғалым, дәрігер, инженер, ғарышкер болсын барлығы да ұстаздан білім алады. Сондықтан да бүгінгі кәсіби мерекемізбен құттықтап, көңілге қуаныш сыйлағандарыңызға мың алғыс,» –деп факультет ұжымы шәкірттеріне ізгі ілтипаттарын білдірді.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға...» Осындай атаумен Физика-математика факультетінде салтанатты жиын өтті. ТарМПИ-дың «Өзін-өзі басқару» және «Студенттік кәсіподақ» ұйымдары мұрындық болған іс-шараға факультеттің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Жиын барысында қоғамдық ұйымдардың белсенді студенттері өз өнерлерін ортаға салып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ ұстаздарға арнау өлеңдерін оқыды.

«Ұстаз – ұлы есім! Ілмейтінді ілдіретін, білмегенді білдіретін, санаға ақыл ұялататын, арманыңа қанат бітіретін, өмірді ұғынуыңа себеп болатын аяулы ұстаздарды кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!», – деді шара соңында студенттер.

Ұқсас жазбалар

«Латын әліпбиі-ХХІ ғасырдағы білім мен ғылым тілінің өзегі»

Ұлттың ұлы перзенті ұлықталды

ТарМПИ түлегі Фируза Шарипова чемпион атанды

Пікірлер

comments0

Пікір қосу