Онлайн тест

НегізгіhornavЖаңалықтарhornavҰрпақтар сабақтастығы

Ұрпақтар сабақтастығы

Жаңалықтар

2017 жыл Тараз мемлекеттік педагогикалық институты үшін ерекше жыл – мерейлі той. Институттың ірге тасы қаланғалы 50 жылдың жүзі болды.

Бүгінгі таңда ТарМПИ өзінің даңқты өмірбаянымен, бірегей озық тәжірибесімен, ғалымдардың есімдерімен және түлектерімен мақтануға құқылы. «Орыс тілі» кафедрасының ұймдастыруымен «Ұрпақтар сабақтастығы» атты кездесу өткізілді. Іс-шараға институттың ардагерлері, ардагер ұстаздар, түлектер шақырылды. Олар: Шуканов Апутан Гапарович, Кунгуров Назар Куандыкович, Имамбекова Гулжан Сембековна, Бегалиев Туран Бегалиевич.

Алғашқы сөзді кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Минайдарова Мария Естаевнаға берілді. Ол жас ұрпақты институттың қалыптасуы мен дамуының тарихына тоқталып өтті.

Іс-шара барысында А.Г.Шуканов өзінің еңбек жолы мен ғылым жолындағы мол тәжірибесімен бөлісіп, педагог-ұстаз бейнесінің мол мүмкіншіліктерін атап өтті. Студенттер өз ойларымен бөлісіп, сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар ала білді.

– Біз жыл сайын өз ардагер ұстаздарымызбен қуана қауышатын іс-шара. Себебі біздің өскелең ұрпақ өз тарихын осы еңбек жолында еңбек еткен ардагерлерімізден мол тәжірибе аламыз – деді доцент М. Е.Минайдарова.

Кездесу соңы концерттік бағдарламаға жалғасты. Концертте ретро әндер мен билер, ақындар мен жазушылардың өлеңдерін студенттер мәнерлеп оқыды. Ардагер ұстаздарымыз өздері студенттермен бірге ән шырқап сүйемелдеп отырды.

Осы іс-шарада әрбір қатысушы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ірге тасының беріктігіне тағы бір рет көз жеткізді. Болашақ ұстаздар үшін ардагер ұстаздар қауымы мол тәжірибесін беріп, мамандыққа деген қызығушылығын арттырды.

Ұқсас жазбалар

Күйші, сазгер Аман Малдыбаевтың шығармашылық кеші өтті

Кітапхана жұмысын тиімді ұйымдастыру жолдары талқыланды

Студенттік театр жаңа қойылымын сахналады

Пікірлер

comments0

Пікір қосу