Онлайн тест

НегізгіhornavЖаңалықтарhornavҰлттық музыкаға арналған шеберлік сыныбы өтті

Ұлттық музыкаға арналған шеберлік сыныбы өтті

Жаңалықтар

«Ғасырлар үні». Осындай атаумен Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында әнші-термеші Әбіш Әділбеков шеберлік сыныбын өткізді. Өнер және мәдениет факультетінде өткен іс-шарадағы негізгі әңгіме өзегі ұлттық музыка жайында болды.

Әбіш Әділбеков халықаралық, республикалық әнші-термешілер конкурстарының жеңімпазы. XVIII, XIX, XX ғасырларда өмір сүрген ақын-жыраулардың көпшілікке беймәлім болып келген музыкалық туындылары орындалған «Ұлт рухы», «Ғасырлар үні» атты күй таспаларын шығарған.

– Жан-дүниесі бай, рухани әлемі таза ұрпақ тәрбиелеуде адам жанының айнымас серігі өнер әлемінің орны ерекше. Бұл тұрғыда шығармашыл тұлғалардың тағылымын зерделеп, олармен үнемі ой бөлісіп, пікір алысып отыруымыз қажет. Бүгінгі кездесудің басты мақсаты осы. Біздің басты міндеттеріміздің бірі – Сіздердің болашақ ізбасарларыңыз – шығармашыл жастарды бәсекеге қабілетті маман етіп дайындау. Бұл өз кезегінде теория мен тәжірибенің ұштаса жүруін қажет етеді. Осы себептен де өнер иелерімен бірлесе жұмыс жүргізу уақыт талабы», – деп атап өтті Өнер және мәдениет факультетінің деканы Лескүл Ибраимова.

Кездесу барысында Ә.Әділбеков қазақтың дәстүрлі әндері, түрлі дастандар мен термелердің шығу тарихына тереңірек тоқталды. Атап айтқанда, «Абылай хан», «Райымбек батыр», «Сұраншы батыр» дастандары, «Бақытбайдың термесі», «Нұрымның термесі», «Нартайдың термесі» туралы әңгіме қозғап, нақышына келтіре орындады.

Еліміздің абыройын асқақтатып, мерейін үстем етер шоқтығы биік өнер туындыларын қайта жарыққа шығарған Әбіш Әділбековке жиынға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, өзара пікір алмасты.

Ұқсас жазбалар

ТарМПИ музейінде 200-ден астам жәдігер сақтаулы

Студенттік театр «Айша бибі» тарихи трагедиясын сахналады

«Шарықта ТарМПИ өнері» атты шығармашылық концерті өтті

Пікірлер

comments0

Пікір қосу