Онлайн тест

НегізгіhornavЖаңалықтарhornav«Ұлы дала өрендері сыр шертеді» атты көрме ұйымдастырылды

«Ұлы дала өрендері сыр шертеді» атты көрме ұйымдастырылды

Жаңалықтар

"Ұлы Дала өрендері сыр шертеді". Осындай атаумен Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында көрме өтті. "Студенттер үйінде" ұйымдастырылған шарада Өнер және мәдениет факультетінің профессор-оқытушылары мен студенттерінің жұмыстары көпшілік назарына ұсынылды.

Факультет деканы Лескүл Ибрайымованың айтуынша, көрме экспозициясында Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі А. Ибраеваның "Ұлттық натюрморт", А. Түгелбаеваның "Гүл шоғы", Рио-де Жанейродағы XXXI Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елдос Сметовтың портреті сияқты жеке шығармашылық туындылары қойылған. Сонымен қатар, факультет оқытушылары М. Усуповтың, М. Абдрасиловтың, М. Мырзахметовтың және өзге де педагог-суретшілердің жетекшілігімен студенттердің портрет, пейзаж, натюрморт жанрларында орындалған картиналары орын алған.

Көрменің мақсаты – көпшіліктің көркем бейнелеу өнеріне көркем-танымдық, мәдени-эстетикалық көзқарастарын қалыптастыру және кәсіби суретшілер арасында шығармашылық тәжірибе алмасу. Сондай-ақ, педагогикалық оқу орнының студенттерін қолдау және оларды кәсіби бейнелеу өнері арқылы көпшілікке таныту.

"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен халқымыздың мәдени саласы қарқынды дамып келеді. Соның ішінде кәсіби көркем бейнелеу өнері де жаңа сатыға көтерілуде. Жаңа инновациялық педагогикалық және көркем шығармашылық бағытта жұмыс жасауға қабілетті заманауи жас ұстаздарды даярлауда Өнер және мәдениет факультеті ауқымды істер атқаруда. Бұл көрме соның айғағы іспеттес", – дейді шара ұйымдастырушылары.

Ұқсас жазбалар

Ұлттық музыкаға арналған шеберлік сыныбы өтті

Кітап оқуды насихаттауға арналған байқау өтті

ТарМПИ-да педагогикалық шеберлік орталығы ашылды

Пікірлер

comments0

Пікір қосу