Онлайн тест

НегізгіhornavЖаңалықтарhornav«Толық адам бейнесі» тақырыбында сөз қозғалды

«Толық адам бейнесі» тақырыбында сөз қозғалды

Жаңалықтар

Жер ғаламшарында сан мыңдаған адамдар өмір сүреді. Ол адамдардың бейнесі де əр түрлі, əр қилы.

Мен «Толық адам» бейнесін екі түрлі мағынада қарастырамын. Біріншісі тура мағынасындағы толық адам, екіншісі, ауыспалы мағынадағы толық адам. Тура мағынасындағы «толық адам» деп отырғаным, қол-аяғы бар, көзі көріп, құлағы еститін, жалпы алғанда он екі мүшесі сау, уайымы жоқ, қарны тамаққа тоқ адам. Ал, ауыспалы мағынадағы «толық адам» бейнесі, мыңнан бір кездесетін, сыртқы келбетінен гөрі ішкі жан дүниесі көркем келетін, адал мехнат ететін, иждиһатты, иманды, ақылы мен қайратын жүрегіне бағындыра алатын адам. Қарап отырсақ, екеуі де толық адам. Бірақ, бірінші айтылған толық адамның сырты бүтін болғанымен іші түтін болуы ғажап емес, ол-бар болғаны қуыс кеуде. Яғни, бір ғана толық адам бар, ол-қасиетті адам.

Алла Тағаламыздың тарту еткен ғұмырын мәнді де сəнді етіп өткізу үшін, келер ұрпаққа тура жолды көрсету үшін, тарихта тұлға болып қалу үшін толық адам болуымыз керек. Ал, толық адам болу үшін, ниетіміз түзу, ойымыз адал болуы қажет. Нұрлы ақылмен ойланып, жылы жүрекке бағына білсек, кез келген істе тоқтаулылық пен шыдамдылық танытып, қайратты шыңдай білсек «толық адам» бейнесін қалыптастыра бастаймыз. Өз сөзімді қорытындылай келе, өміріме айналған өлеңмен аяқтағым келіп тұр...

Мөлдір ТАҢЖАРЫҚОВА, ТарМПУ студенті

Ұқсас жазбалар

Болашақтың энергиясы-білімде

Елдос Сметов шеберлік сыныбын өткізді

Филология факультетінің түлектері үлкен өмірге жолдама алды

Пікірлер

comments0

Пікір қосу