Онлайн тест

НегізгіhornavЖаңалықтарhornavТарМПИ студенті кикбоксингтен әлем кубогын иеленді

ТарМПИ студенті кикбоксингтен әлем кубогын иеленді

Жаңалықтар

Ресейдің Анапа қаласында кикбоксингтен ересектер арасындағы VII әлем Кубогында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Өнер және мәдениет факультетінің 2-курс студенті Арайлым Әуезова жеңімпаз атанды.

21-26 қыркүйек күндері Анападағы «Витязево» спорт кешенінде өткен байрақты бәсекеге 28 елден келген 200-ден астам спортшы қатысты. Арайлым Әуезова 48 келі салмақ дәрежесінде үш белдесу өткізіп, жарыс жолында Үндістан, Беларусь және Ресей елдерінен келген қарсыластарынан басым түсті.

– Әлем Кубогына қатысушылар кикбоксингтің барлық түрлері бойынша бақтары мен баптарын сынады. Әсіресе, «point fighting» және «К-1» нұсқалары аса тартысты өтті. Арайлым төбелесу тактикасы мен техникасының әдемілігі жағынан өзгелерден оқ бойы озып шықты, – дейді бапкері, Жамбыл облысының кикбоксингтен аға жаттықтырушысы Сәбит Усипов.

Жас спортшы бұған дейін кикбоксингтен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионатының алтын медаль иегері және аталған спорт түрінен ҚР Кубогы үшін жарыста 2-орынды қанжығасына байлаған.

Бүгінде ол биылғы жылдың 14-16 қазан күндері Алматыда өтетін республикалық «Үздіктер турниріне» дайындалуда.

Ұқсас жазбалар

ТарМПИ-да педагогикалық шеберлік орталығы ашылды

ТарМПИ ректоры 50 студентке ЭКСПО билеттерін тарту етті

Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде аға буынның қосар үлесі зор

Пікірлер

comments0

Пікір қосу