Онлайн тест

НегізгіhornavЖаңалықтарhornavТарМПИ студенті әлемдік сайыстан жүлдемен оралды

ТарМПИ студенті әлемдік сайыстан жүлдемен оралды

Жаңалықтар

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Өнер және мәдениет факультетінің 1-курс студенті Айнұр Сүлеймен Румыния астанасы Бухарест қаласында өткен самбодан жасөспірімдер арасындағы Әлем біріншілігінде қола медаль иеленді.

«Олимпия» спорт кешенінде үш күнге созылған байрақты бәсекеге 30 елден 374 спортшы қатысты.

Тараздық бойжеткен 52 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, шаршы алаңда Сербия, Молдовия, Украина және Моңғолия спортшыларымен белдесті. Десе де жарыс жолында екі қарсыласына есе жіберіп, 3-орынға табан тіреді.

– Айнұр 7 жылдан бері самбо және дзюдомен тұрақты түрде айналысады. Әлемдік және республикалық деңгейдегі спорт додаларында бірнеше рет жеңіс тұғырына көтеріліп, абырой биігінен көріне білді. Бүгінде дзюдодан ересектер арасында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына дайындық үстінде. Көздеген мақсатымыз – сайыстан жүлделі оралу, – дейді жеке бапкері Фарида Тастекова.

Айнұр Сүлеймен бұған дейін дзюдодан жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатында I орын, жасөспірімдер арасында самбодан өткен ел чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы, аталған спорт түрінен Азия чемпионатында күміс және Әлем чемпионатында қола медальдардың иегері болған.

Ұқсас жазбалар

Ұрпақтар сабақтастығы

Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде аға буынның қосар үлесі зор

Студенттер қатарына қабылдау салтанаты өтті

Пікірлер

comments0

Пікір қосу