Онлайн тест

НегізгіhornavЖаңалықтарhornavТарМПИ студенті Әлем кубогының жеңімпазы атанды

ТарМПИ студенті Әлем кубогының жеңімпазы атанды

Жаңалықтар

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-курс студенті Юлия Просветова Швейцарияның Женева қаласында спорттық акробатикадан өткен Әлем кубогының үшінші кезеңінде 3-орын алды.

25-27 мамыр аралығындағы байрақты бәсекеге 24 мемлекеттен 9-17 жас аралығындағы 200-ге жуық спортшы қатысты.

Жарыс үш бағыт бойынша жүргізілді. Атап айтқанда, сайыскерлер бірнеше жас санаттары бойынша спорттық акробатика, батутта және акробатикалық жолақшада секіру кезеңдері бойынша бақтары мен баптарын сынады.

– Сайыс барысында Юлия Просветова мен Анель Нұржанованың жұбы күрделі акробатикалық қимылдарды көрсетіп, композициясының үздік техникасы мен әртістік қабілеттіліктерінің нәтижесінде қазылар алқасы тарапынан жоғары балл алды. Әлем кубогы – бұл жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығып жүрген мықты әрі тәжірибелі спортшылардың бас қосатын алаңы. Сондықтан мұндай деңгейдегі додаларға қатысу үлкен жауапкершілік жүктейді. Десе де Юлия жарыс жолында қиын әдістерді еркін орындап, ұпай санымен көптеген қарсыластарынан басым түсті, – дейді бапкері Татьяна Симагина.

Ю. Просветова аталған спорт түрімен айналысқанына 14 жылдың жүзі болды. Қоржыны қомақты жүлделерге толы. Биылдың өзінде ересектер мен жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында алтын медаль, Петропавл қаласында спорттық акробатикадан өткен Халықаралық турнирде 1-орын иеленді. Әлемдік додаларда да топ жарып, жеңіспен оралып жүр. Мысалы, Ресейде өткен әлемдік турнирде 2-орынға, Париждегі жарыста 8-орынға ие болды.

Ұқсас жазбалар

Білім күні аталып өтті

ТарМПИ студенттері жеңімпаз атанды

«Жайдарман» ойындары ТарМПИ-дың 50 жылдығына арналды

Пікірлер

comments0

Пікір қосу