Онлайн тест

НегізгіhornavЖаңалықтарhornavТарМПИ студенті әлем чемпионы атанды

ТарМПИ студенті әлем чемпионы атанды

Жаңалықтар

Қытайдың Үрімші қаласында қазақ күресінен өткен әлем чемпионатында 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Мәдениет және өнер факультетінің студенті Дәулет Пахлединов жеңіске жетіп, алтын медальді иеленді.

Тараздық жас балуан финалда эстониялық қарсыласынан ұпай санымен басым түсіп, жеңіс тұғырына көтерілді.

– Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы жанындағы «Қазақ күрес клубының» мүшесі болып табылатын Дәулет келешегінен үлкен үміт күттіретін спортшы. Ол бұған дейін бірнеше спорттық додаларда жеңіс тұғырынан көрінді. Алдағы уақытта да талай қарсыласын шаң қаптыратынына сенімдімін. Өйткені, ол өте еңбекқор және төзімді. Аталмыш қасиеттер спортта көп нәрсеге қол жеткізуге зор мүмкіндік береді, – дейді Жамбыл облысының бас бапкері Руслан Мұхамедгалиев.

Д. Пахлединов бұған дейін самбодан және қазақ күресінен Қазақстан чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері және «ІІ дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының» жеңімпазы атанған болатын.

Үш күнге созылған байрақты бәсекеге 28 елден 205 спортшы қатысты. Алтыншы рет өткізіліп отырған әлем чемпионатында бес салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық балуандар сәтті өнер көрсетіп, бес алтын, бір қолаға қол жеткізді. Атап айтқанда, 60 келіге дейінгі дәрежеде ең мықты алматылық Гұсман Қырғызбаев болды. 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде оның егізі ағасы Ғұмар Қырғызбаев бірінші орынды иеленді. 90 келіге дейінгі салмақта Айбол Айтбекке тең келер ешкім болмады. 90 келіден жоғарғы салмақта ел намысын ел намысын қорғаған Айбек Нұғымаров «жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» шығып, алтын алды. Ең ауыр салмақта ел намысын қорғаған Мұхит Тұрсынов қола медальді иеленді.

Алда қазақстандық балуандарды тағы бір айтулы кездесулер күтіп тұр. 2 қазанда Алматыда «Еуразия барысы» ашық турнирі өтеді. Жарысқа әлемнің 10 мемлекетінен балуандар қатысады деп күтілуде.

Ұқсас жазбалар

ТарМПИ-да спорт саңлақтары марапатталды

Болашақтың энергиясы-білімде

ТарМПИ түлегі Фируза Шарипова чемпион атанды

Пікірлер

comments0

Пікір қосу