Онлайн тест

НегізгіhornavЖаңалықтарhornavТарМПИ қызметкерлері арасында дәстүрлі спартакиада басталды

ТарМПИ қызметкерлері арасында дәстүрлі спартакиада басталды

Жаңалықтар

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының профессор-оқытушылары мен қызметкерлері арасында дәстүрлі спартакиада басталды. Биылғы жылғы іс-шара ТарМПИ-дың 50 жылдығына және Алматыда өтетін 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға арналып отыр.

"Ұстаз" спорт клубының ұйытқы болуымен осымен 13-ші рет өткізіліп отырған сайыстың мақсаты – оқу орны ұжымының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және спорттық шеберлігін шыңдау.

Спорттың шағын футбол, үстел теннисі, президенттік көпсайыс, баскетбол, дойбы, волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ секілді он түрінен өтетін жарысқа 9 команда қатысады. Атап айтқанда, сайыс кезеңдерінде Педагогика факультеті, Физика-математика факультеті, Тарих және әлеуметтік педагогика факультеті, Филология факультеті, Өнер және мәдениет факультеті, Химия-биология факультеті, Қауіпсіздік қызметі, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бөлімі және Әкімшілік-шаруашылық басқармасы баптары мен бақтарын сынамақ.

"Бүгінде білім беру мекемелерінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жас ұрпақты салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортаны таза ұстауға және жоғары сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде кәдеге жарата білуге тәрбиелеу екенін ескерсек, оны өзімізден, яғни ұстаздардан бастауымыз қажет. Алдағы уақыттар белесінде де осы тақілеттес іс-шаралар өз жалғасын таба беретін болады", – дейді ұйымдастырушылар.

Екі аптаға созылатын спорт сайыстарында "жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар" шыққан командалар және жекелей қатысушылар мақтау грамоталарымен және сыйақылармен марапатталады.

Ұқсас жазбалар

«Менің тілім-менің өмірім»

Ел дамуының негізгі тетіктері сөз болды

ТарМПИ түлегі Фируза Шарипова чемпион атанды

Пікірлер

comments0

Пікір қосу