Онлайн тест

НегізгіhornavЖаңалықтарhornavТарМПИ музейінде 200-ден астам жәдігер сақтаулы

ТарМПИ музейінде 200-ден астам жәдігер сақтаулы

Жаңалықтар

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының музейінің қорында 200-ден астам жәдігер сақтаулы. Экспозициялар музейдің «Жүсіп Баласағұни», «Баласағұн» және «Жәдігерлер сақтайтын қор» бөлімдерінде орналасқан.

Бірінші бөлім ақын, ғалым, ойшыл Жүсіп Баласағұниға арналған. Оның есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында «Құтадғу білік» («Құтты білік») дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазіргі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Біздің заманымызға поэманың Вена, Мысыр (Каир) және Наманған (Ферғана) атты үш нұсқасы жеткен.

Ғалымдар осы үш көшірме нұсканың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, «Құтты білік» дастанының ғылыми негізделген толық мәтінін жасап шықты. Шығарманы 1986 жылы көне түрік тілінен қазақ тіліне ақын Асқар Егеубаев аударып, алғы сөзі мен түсініктерін жазды. Бүгінде құнды еңбек музейден орын алған.

Екінші бөлім Қарахан мемлекетінің астаналарының бірі болған ортағасырлық Баласағұн қаласына арналған. Бұнда археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған қолөнер бұйымдары мен ақшалар бар.

Айта кетейік, тарихшылар Шу өңіріндегі Ақтөбе деп аталатын көне қала Баласағұнның орны деген тоқтамға келген. Шаһар 5-13 ғасырларда дамыған өркениет орталығы болған.

«Жәдігерлер сақтайтын қор» бөлімінде ТарМПИ шежіресінен сыр шертететін экспозициялар қойылған. Олардың қатарында тарихи фотосуреттер, белгілі оқытушылардың, түлектердің портреттері, жеке заттары, монографиялық еңбектері т.б. бар.

Музейде экскурсиялар, студенттер мен түлектердің шығармашылық жұмыстарының көрмесі, танымдық сабақтар, дөңгелек үстелдер тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Институттың рухани орталықтарының бірі болып табылатын музей 2007 жылдың қараша айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Уахит Шалекеновтың ұйытқы болуымен ашылған. Мақсат – институттың жеткен жетістіктері мен ерекшеліктерін дәріптеу және Жамбыл облысындағы ортағасырлық қалалардың бірі Баласағұнның археологиялық құндылықтарын насихаттау.

Ұқсас жазбалар

ТарМПИ-да 20-дан аса өзге ұлт өкілі білім алады

Ашық тәрбие сағаты өтті

ТарМПИ студенті әлем чемпионы атанды

Пікірлер

comments0

Пікір қосу