Онлайн тест

НегізгіhornavЖаңалықтарhornavТарМПИ-дың 50 жылдығына арналған кітаптың атауына конкурс жарияланды

ТарМПИ-дың 50 жылдығына арналған кітаптың атауына конкурс жарияланды

Жаңалықтар

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 50 жылдығына арналған кітаптың атауына жалпыинституттық конкурс жарияланды. Мерейтойлық жинақ атауында ТарМПИ-дың құрылу тарихы мен оның бүгінгі атқарып отырған қызметі – болашақ ұстаздар даярлайтын іргелі жоғары оқу орны екендігі қамтып көрсетілуі тиіс.

Конкурс Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының профессор-оқытушылары мен қызметкерлері және студенттерінің арасында жүргізіледі. Конкурс талабы бойынша қатысушы қазақ тілінде тек бір атау ұсына алады. Атау бұған дейін өзге қатысушы тарапынан ұсынылса (нақты мерзіміне сәйкес), конкурстық өтінім кері қайтарылады.

Конкурс материалдары Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ресми www.tarmpi.kz веб-ресурсында, әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында конкурс туралы хабарландыру шыққан күннен бастап 2017 жылғы 10 наурызға (қоса алғанда) дейін қабылданады.

2017 жылғы 10 наурызда сағат 18:00-де конкурстық өтінімдерді қабылдау тоқтатылады.

Конкурстық жұмыстар арнайы құрылған комиссияның іріктеуінен өтіп, жеңімпаз Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылыми кеңесінің отырысында көпшілік дауыс беруі арқылы анықталады.

Конкурс жеңімпазына Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры тағайындаған 50 000 (елу мың) теңге көлемінде сыйақы беріледі.

Ұсыныстар information-image@mail.ru поштасында қабылданады.

Ұқсас жазбалар

Хуайин педагогикалық университеті өкілдерімен кездесуі

Жас ғалымдарды қолдау жөнінде жиын өтті

ТарМПИ студенттері жеңімпаз атанды

Пікірлер

comments0

Пікір қосу