Онлайн тест

НегізгіhornavЖаңалықтарhornavТарМПИ-да спорт саңлақтары марапатталды

ТарМПИ-да спорт саңлақтары марапатталды

Жаңалықтар

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында түрлі халықаралық, республикалық спорттық жарыстарда «жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» атанған студенттерді марапаттауға арналған баспасөз конференциясы өтті.

Атап айтқанда, Алматы қаласында еліміздің жоғары оқу орындары арасында футзалдан өткен Студенттік лига ойындарында жеңімпаз атанған Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының құрама командасының мүшелері ТарМПИ ректоры Дария Қожамжарованың Алғыс хаты мен арнайы тағайындалған сыйақысына ие болды. 25 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Алматы қаласында еліміздің жоғары оқу орындары арасында футзалдан өткен Студенттік лига ойындарында 2 орын алды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған сайысқа еліміздің барлық аймағынан 19 команда қатысып, бақтарын сынады.

ТарМПИ-дың Өнер және мәдениет факультетінің Дене шынықтыру мамандығында оқитын студенттерінен құралған құрама топтық кезеңнен сүрінбей өтіп, ширек финалды Семей мемлекеттік медицина университетінен басым түсті. Ал жартылай финалда Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің аяқ доп шеберлерін 8:6 есебімен ұтып, ақтық ойында Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің командасымен кездесті. Тартысты өткен сайыста ТарМПИ құрамасы 4:2 есебімен алматылық футболшыларға жол берген болатын.

Сонымен қатар, жиын барысында жастар арасындағы бокстан Азия және Әлем чемпионы Аман Қазанқапов, кикбоксингтен ересектер арасындағы Әлем кубогының иегері Арайлым Әуезова, кикбоксингтен ересектер арасындағы VII әлем Кубогының күміс медаль иегері Алдияр Орынбай, самбодан жастар арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері Арайлым Шегенова, дзюдо күресінен Халықаралық жарыстың жеңімпазы Бекәділ Шаймерденов және күрестен Әлем чемпионатының қола жүлдегері Ғабит Есжановқа сый-сияпат көрсетілді. Айта кетейік, аталған студенттер педагогикалық институттың Өнер және мәдениет факультетінде оқиды.

Баспасөз конференциясы барысында ТарМПИ ректоры Дария Қожамжарова сөз сөйлеп, байрақты бәсекеде ел намысын қорғап жүрген жастарға ізгі ниетін білдіріп, алдағы уақытта да жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілектес екендігін айтты.

Ұқсас жазбалар

Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде аға буынның қосар үлесі зор

«Ұлы дала өрендері сыр шертеді» атты көрме ұйымдастырылды

Студенттік театр жаңа қойылымын сахналады

Пікірлер

comments0

Пікір қосу