Онлайн тест

НегізгіhornavЖаңалықтарhornavТармпи-да Foundation даярлық бөлімі ашылды

Тармпи-да Foundation даярлық бөлімі ашылды

Жаңалықтар

Биылғы оқу жылынан бастап Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының жанынан Foundation жоғары оқу орнына дейінгі даярлық бөлімі ашылып, 40 білім беру гранты бөлінді.

Шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен бірлесіп ұйымдастырылған бөлімнің мақсаты – жастарды Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсу үшін өткізілетін кешенді тестілеуге дайындау, үштілді білім беру аясында тілдік курстар ұйымдастыру және педагогикалық жағдаяттарға машықтандыру. Сонымен қатар Тараз мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түсуге ықпал жасау және олардың базалық жалпы білім деңгейін жоғарылата отырып, қоғамдық ортаға бейімдеу.

Осы орайда айта кетейік, көптілді білім беру бағдарламасы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында 2012 жылдан бері іске асырылып келеді. Мұндағы міндет – оқу үдерісіне үш тілде оқытудың инновациялық технологияларын енгізе отырып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған көптілді білім беруді жүзеге асыру. Осы тарапта институтта көптілді орта жасау, үш тілді оқытуды енгізу, ағылшын тілінде оқулықтар, оқу құралдарын жазу, тілді үйренудің деңгейлік моделін енгізу және білім беру бағдарламаларының құзыреттілік-тілдік моделдерін әзірлеу жұмыстары іске асырылды.

Ұқсас жазбалар

«Ұлы дала өрендері сыр шертеді» атты көрме ұйымдастырылды

Студенттердің музыкалық білімін шыңдайды

Халықаралық әйелдер күні аталып өтті

Пікірлер

comments0

Пікір қосу