Онлайн тест

НегізгіhornavЖаңалықтарhornavТарМПИ-да 2017 жылғы универсиадаға 100 күн қалғаны аталып өтілді

ТарМПИ-да 2017 жылғы универсиадаға 100 күн қалғаны аталып өтілді

Жаңалықтар

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында Алматыда 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға 100 күн қалуына орай іс-шара өтті. Атаулы күн жаппай жаттығу жасаудан басталды. Оған оқу орнының 200-ге жуық студенті қатысты.

– Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған барлық Жолдауында елдің болашақ даму бағытын айқындауда дене тәрбиесі мен спорттың дамуын, салауатты өмір салтын қалыптастыруды әрдайым айтады. Біз Президенттің осы бағыттағы жобаларының жүзеге асуына әсері болатын саланың бірі спорт деп ойлаймыз. Соның ішінде ірі кешендік халықаралық жарыстар, біздің елде өткен Азиада, алда болатын Бүкіләлемдік Универсиада сияқты. Соның ішінде 2017 жылы өткелі отырған Қысқы Универсиада – Қазақстан үшін дүниежүзілік деңгейдегі алғашқы ауқымды да кешенді іс-шара. Әрине, осынау әлемдік деңгейдегі спорттық ойындар мәдениет пен спортты дамытуға, бейбітшілікті нығайтуға бағытталған, – деді ТарМПИ-дың Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Орынқыз Жолдасова.

Ұқсас жазбалар

ТарМПИ студенттері ұлттық қолөнерді дамытуда

ТарМПИ музейінде 200-ден астам жәдігер сақтаулы

ТарМПИ студенті кикбоксингтен әлем кубогын иеленді

Пікірлер

comments0

Пікір қосу