Онлайн тест

НегізгіhornavЖаңалықтарhornavТарМПИ-да 20-дан аса өзге ұлт өкілі білім алады

ТарМПИ-да 20-дан аса өзге ұлт өкілі білім алады

Жаңалықтар

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде «Бір шаңырақ астында» атты іс-шара өтті. Жиынға Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ұжымы мен студенттері де қатысып, «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» бастамасына үн қосты.

Шара барысында жасампаз жастар Қазақстанның көпұлтты саясатына қатысты ойларын ортаға салып, оқу орнының Орыс филологиясы кафедрасы дайындаған мерекелік концерт жұртшылық назарына ұсынылды. Сонымен қатар, түрлі ұлт өкілдерінің ас мәзірі мен күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдары қойылған көрме де мереке ажарын аша түсті.

Айта кетейік, бүгінде Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында тәжік, өзбек, қырғыз, ұйғыр, күрд, әзірбайжан, украин, орыс, кәріс сияқты 20-дан аса өзге ұлт өкілі оқиды. Олар Елбасының басшылығымен жүзеге асырылып келе жатқан игілікті істер елдегі бейбітшілік пен келісімді, татулықты одан әрмен дамыта түседі деген пікірде.

Жиынға қатысушылар ұлттық тарихымызды ұлықтап, бүгінгі жеткен белестерімізді бағалауға мүмкіндік беретін осы тақілеттес іс-шаралар, жаңа қазақстандық патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде маңызды екенін жеткізді.

– Ұлт пен ұлыстың шын басын біріктіретін, бейбітшіліктің ордасы – Қазақстан. Міне, осындай игілікті істерді өткізудің өзі жастардың құлшынысын арттырады. Еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін оятады. Дана халқымыз «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деп атап өткендей, біздің бірлігіміз – дамудың стратегиялық негізі, ертеңгі күнге деген сенімнің бастауы. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Ортақ шаңырағымыздың астында тыныштық пен келісім мәңгі орнасын! Бейбіт өмірдің берекесі арта берсін! Еліміз аман болсын! Елдігіміз баянды болсын! Мәңгілік Қазақстан – Мәңгілік Ел болсын, – деп атап өтті шара ұйымдастырушылары.

Ұқсас жазбалар

«Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты акциясы

ТарМПИ студенті әлем чемпионы атанды

Ашық тәрбие сағаты өтті

Пікірлер

comments0

Пікір қосу