Онлайн тест

НегізгіhornavЖаңалықтарhornavСтуденттер қатарына қабылдау салтанаты өтті

Студенттер қатарына қабылдау салтанаты өтті

Жаңалықтар

Білім мен ғылым ордасы Тараз мемлекетік педагогикалық институты күні кеше табалдырық аттаған бірінші курс жеткіншектерін студент қатарына қабылдады. Қиялдарын қанаттарына байлап, армандарын арқалап келген жас ұландар бүгіннен бастап өмір кітабының «студенттік кезең» атты ақ парақтарын безендіретін болады.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты – педагог кадрлар дайындайтын, «ұстаздардың ұстаханасы» атанған қарашаңырақ, талай студенттің биік шыңдарға жетуіне себепкер болған қасиетті мекен. Қазақстанның келешегі – жас ұрпақтың қолында, ТарМПИ болашағы – бүгінгі студенттің қолында.

Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі мен Студенттік кәсіподақ ұйымы ұйытқы болуымен «Гаухартас» мейрамханасында өткен «Student`s party» атты мерекелік іс-шараға ТарМПИ ректоры Дария Қожамжарова, профессор-оқытушылар құрамы және ТарМПИ түлектері арнайы қатысты.

– Қош келдіңіздер, құрметті 1-курс студенттері! Сіздердің келгендеріңіз жаңа толқын. Жаңа толқын алдыңғы толқыннан да биік болады. Сондықтан да, сіздердің білім жолындағы нәтижелеріңіз де биік болады деген сенімдемін. Биылғы жаңа оқу жылының өзгелерден ерекшелігі – институт табалдырығын алғаш аттап, студент атанып отырған жастарымыздың қадамы ел тәуелсіздігінің 25, оқу орнының 50 жылдық торқалы тойына тұспа-тұс келіп отыр. Бүгін ТарМПИ студенті атанып отырған жастарымыздың талабы – оң, білім жолына аттаған баспалдақтары құтты болсын! Қазіргі таңда әлемде төрт мыңнан астам мамандық бар деп есептеледі. Бірақ, қандай қоғам, қандай заманауи өзгерістер болмасын, білім саласында мұғалім – шешуші тұлға болып қала беретіні даусыз. Себебі, ұстаз – ол адам жанының инженері. Қадірлі 1 курс студенттері! ХХІ ғасыр – жаңалығы желмен жарысқан, ой өрісі ғарышпен таласқан заңғар жастардың ғасыры. Сіздер үшін өмірдің жаңа парақтары ашылғалы отыр. «Білім» атты ғажап әлемнің сырларын бойға дарыту үшін ерен еңбек етіп, зерек те зейінді, алғыр да тапқыр, білгір де білікті болатындарыңызға кәміл сенемін! Өңірдегі көшбасшы оқу орнына түсулеріңізбен шын жүректен құттықтаймын, жолдарыңыз ақ болсын! – деді салтанатты жиында сөз алған институт ректоры Дария Пернешқызы.

Сонымен қатар кеш барысында педагогикалық институттың қоғамдық өміріне белсене атсалысып жүрген бір топ студентке ТарМПИ ректорының Алғыс хаты табысталды.

Өз кезегінде бірінші курс студенттері ТарМПИ студенті деген атқа лайықты болуға ант беріп, «алғашқы студент вальсін» билеу мәртебесіне ие болды. Қабылдау кешінде оқу орнының өнерлі жастарының әсем әндері мен мың бұралған билері жиналған жұртшылыққа қуаныш сыйлады. Мұны институт жастарының жарқыраған үндерінен, күлімдеген көздерінен анық байқалды. Кеш соңы би кешіне ұласты.

Айта кетейік, биылғы оқу жылында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтына 28 мамандық бойынша 2185 студент қабылданды. Олардың 230-ы мемлекеттік білім беру грантының иегерлері. Алдыңғы жылмен салыстырғанда биыл педагогикалық мамандықтарға деген сұраныс айтарлықтай артқан.

Институтта бүгінгі күні 6 мыңға жуық студент білім алуда, оларға 15 ғылым докторы, 130-дан астам ғылым кандидаттары мен 200 ғылым магистранттары дәріс береді.

Ұқсас жазбалар

Тарих және әлеуметтік педагогика факультетін 69 студент үздік тәмәмдады

«Жастар дауысы» республикалық ретро әндер байқауы өтті

Елдос Сметов шеберлік сыныбын өткізді

Пікірлер

comments0

Пікір қосу