Онлайн тест

НегізгіhornavЖаңалықтарhornavРеспубликалық ІХ жазғы универсиада ойындары өткізілуде

Республикалық ІХ жазғы универсиада ойындары өткізілуде

Жаңалықтар

«Тараз-Арена» спорт сарайында Тараз мемлекеттік педагогикалық институты мен Жамбыл облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесе отырып, Республикалық ІХ жазғы универсиадасының бағдарламасы аясында ЖОО арасында үстел теннисі ойынынан ұлдар және қыздар арасындағы жарысын ұйымдастырды.

ТарМПИ-дың 50-жылдығына орай өткізілген универсиадаға республикамыздың барлық өңірінен 16 команда қатысып бақтарын сынады. Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында 1-орынды жалпы есепте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 2-орынды Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, ал 3-орынды Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті алды.

Ұлдар арасында 1-орынды М.Әуезов атындағы Оңтүстік мемлекеттік университеті, 2-орынды ҚДУН командасы, 3-орынды Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қанжығасына салды.

ТарМПИ ұлдар құрама командасы жалпы есепте 4-орын алды. Жекелей сында 1-орын алды. Жүлдегерлер мен жеңімпаздар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен және арнайы кубогтармен марапатталды.

Ұқсас жазбалар

ТарМПИ-да 20-дан аса өзге ұлт өкілі білім алады

Хуайин педагогикалық университеті өкілдерімен кездесуі

«Толық адам бейнесі» тақырыбында сөз қозғалды

Пікірлер

comments0

Пікір қосу