Онлайн тест

НегізгіhornavЖаңалықтарhornavҚытайдың Чанцзы университетінің өкілдері ТарМПИ-да болды

Қытайдың Чанцзы университетінің өкілдері ТарМПИ-да болды

Жаңалықтар

Қытайдың жетекші білім ордасы саналатын Чанцзы университетінің Лю Мей Хан бастаған делегациясы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтына келді. Сапар мақсаты – екі жоғары оқу орны арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту.

Қонақтарды ТарМПИ ректоры Дария Қожамжарова қарсы алып, шетелдік әріптестерін институт жетістіктерімен таныстырды.

– Жартығасырлық тарихы бар, оңтүстік өңірдегі «ұстаздар ұстаханасы» саналатын педагогикалық институт бүгінде әлемнің 45-тен астам жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатқан. Олардың қатарында Англия, Франция, Қытай, Германия, Катар және Канада сынды мемлекеттердің жетекші университеттері бар. Сіздердің оқу орындарыңызбен де тығыз байланыс орнатқымыз келеді. Алда студенттер алмасу, оқытушылардың тәжірибелерін шыңдау жұмыстарын дамытуды көздейміз, – деді Дария Пернешқызы.

Лю Мей Хан Чанцзы университеті қазақстандық бірқатаржоғары оқу орындарымен әріптестік байланыс орнатқандығын және келешекте Таразмемлекеттік педагогикалық институтымен де тығыз қарым-қатынас жасауға ниеттіекендігін айтып өтті.

– Халықаралық рейтингіге шығу үшін жетекші білім ордаларымен жұмыс істеу қажеттігін ескерсек, ТарМПИ осы талаптарға сай деп ойлаймыз. Оны институттың материалдық-техникалық базасымен танысу барысында көз жеткіздім. Осы орайда ғылым жолындағы ізденушілерді, студенттерді біздің университетке тәжірибе алмасып, біліктіліктерін шыңдап қайтуларына, түрлі конференцияларға қатысуға және қытайлық басылымдарға ғылыми мақалалар жариялау бағытында бірлесе қызмет атқару мүмкіндіктерін қарастырамыз, – деді Лю Мей Хан.

Сондай-ақ сапар аясында шетелдіктер «Жерұйық» этнографиялық орталығында болып, «Бауыржантану», Жүсіп Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын зерттеумен айналысатын ғылыми орталықтардың атқарып отырған жұмыстарымен танысты.

Сонымен қатар делегация мүшелері ТарМПИ-да қытай тілін екінші шет тілі ретінде оқып жатқан студенттермен кездесу өткізді. Жиын барысында негізгі әңгіме өзегі аспан асты еліндегі жоғары білім берудің ерекшеліктері, сөздіктер құрастыру мүмкіндіктері және қытай тілі оқулықтарын Елтану материалдарымен толықтыру қажеттілігі жайында өрбіді.

Ұқсас жазбалар

Ұрпақтар сабақтастығы

«Мамандыққа қадам» атты байқау ұйымдастырылды

ТарМПИ студенті Әлем кубогының жеңімпазы атанды

Пікірлер

comments0

Пікір қосу