Онлайн тест

НегізгіhornavЖаңалықтарhornavӨнер жұлдыздары ТарМПИ-да концерт берді

Өнер жұлдыздары ТарМПИ-да концерт берді

Жаңалықтар

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 50 жылдығына орай оқу орнының түлектері, белгілі өнер жұлдыздары «Ұлағат ұясына тағзым» атты концерт берді.

Концертке Әділ Сламхан, Дана Маханбаева сынды эстрада жұлдыздары мен еліміздің сахналарында өнер көрсетіп жүрген әзіл-сықақ және сатира театрының әртістері қатысып, институттың профессор-оқытушылары мен студенттеріне мерекелік көңіл-күй сыйлады.

«Ұлағат ұясына тағзым» шарасында сөз алған ТарМПИ-дың Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Орынқыз Жолдасова мәдениет саласының майталмандарына оқу орнының ұжымының атынан алғысын білдірді.

Жамбыл өңіріндегі білім мен ғылым ордасының жартығасырлық мерейтойы аясында көптеген мәдени шаралар, арнайы жобалар жүзеге асырылуда. Бұл да сондай игілікті істердің жалғасы іспеттес.

Айта кетейік, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты 1967 жылдың 13 мамырында ашылды. Алғашында Физика-математика және Филология факультеттері студенттерді бес мамандық бойынша дайындады. Атап айтқанда, білімгерлер математика, физика, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ-орыс мектептері үшін қазақ тілі және ағылшын тілі мамандығы бойынша оқыды.

Ұқсас жазбалар

Студенттік театр жаңа қойылымын сахналады

Филология факультетінің түлектері үлкен өмірге жолдама алды

Ұстаздар күні аталып өтілді

Пікірлер

comments0

Пікір қосу