Онлайн тест

НегізгіhornavЖаңалықтарhornavНаурыз мерекесіне арналған байқау өтті

Наурыз мерекесіне арналған байқау өтті

Жаңалықтар

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі қарсаңында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Бабалар жолымен басталар жаңа күн» атты факультетаралық байқау өтті. Ақпараттық-имидждік бөлімі аталған сайыстан дайындалған фоторепортажды назарларыңызға ұсынады.

Жыл сайын дәстүрге айналған шараға қатысушылар «Өнерлінің өрісі кең», «Ас адамның арқауы», «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» және «Шынықсаң шымыр боласың» атты кезеңдер бойынша бақтары мен баптарын сынады.

Командалар қазақ халқының салт-дәстүрлерінен сыр шертетін қойылымдар қойып, ұлттық тағамдарды жеуден жарысты. Арқан тартысып, өзара мықтыны анықтап қана қоймай, түрлі бағыттағы сұрақтарға мүмкіндігінше жауап берді.

«Бабалар жолымен басталар жаңа күн» байқауының мақсаты – Ұлыстың ұлы күнін атап өту арқылы дәстүрлі рухани құндылықтарымызды кеңінен насихаттау, ата-баба салтын ардақтай отырып, ұлт мәртебесін көтеру.

Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған командалар мен белсенді ойыншылар арнайы номинациялар бойынша марапатталып, оларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Шара соңында оқу орнының көркемөнерпаздары әсем әннен шашу шашып, мың бұрала би билеп, Ұлыстың ұлы күнін тойлаған институт ұжымына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Ұқсас жазбалар

Аналар мен арулар айрықша ардақталды

Қытайдың Чанцзы университетінің өкілдері ТарМПИ-да болды

Хуайин педагогикалық университеті өкілдерімен кездесуі

Пікірлер

comments0

Пікір қосу