Онлайн тест

НегізгіhornavЖаңалықтарhornav«Менің тілім-менің өмірім»

«Менің тілім-менің өмірім»

Жаңалықтар

Жыл сайын 22 қыркүйек күні біздің көпұлтты республикамыз Қазақстан халқы тілдері күнін атайды. «Орыс филологиясы» кафедрасы да осы мейрамды атап өтуге өз үлесін қосуда. №8 оқу ғимаратының безендірілген акт залында «Орыс филологиясы» кафедрасы ұйымдастырған жыл сайынғы дәстүрлі «Менің тілім – менің өмірім» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.

Іс-шараға филология факультетінің деканы, ф.ғ.к., доцент А.Н.Тұрарова, мәдениет және өнер факультетінің деканы, п.ғ.к., доцент Л.Н.Ибраимова, кафедра оқытушылары мен барлық мамандықтардың 1 курс студенттері қатысты.

Кеш қонақтарын «Орыс филологиясы» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Мария Естайқызы Мыңайдарова мерекемен құттықтап, қазіргі заманда бірнеше тілдерді меңгерудің зор маңызын атап кетті.

Белгілі И.Гетенің «Шетел тілдерін білмеген, өз тілін де білмейді» деген сөздері студенттердің тартуларында өз дәлелін тапты. Студенттер өлеңдер мен әндерді тек қазақ тілінде ғана орындап қоймай, сонымен орыс, ағылшын, француз, кәріс тілдерінде де орындады.

Іс-шара «Жасыл жайлау» әннің хормен орындалуымен аяқталды.

Ұқсас жазбалар

Студенттік театр «Айша бибі» тарихи трагедиясын сахналады

Бекәділ Шәймерденов жазғы Универсиаданың қола жүлдесін иеленді

«Болашаққа сенімді қадаммен» атты жас көшбасшылар форумы өтті

Пікірлер

comments0

Пікір қосу