Онлайн тест

НегізгіhornavЖаңалықтарhornavКітапхана жұмысын тиімді ұйымдастыру жолдары талқыланды

Кітапхана жұмысын тиімді ұйымдастыру жолдары талқыланды

Жаңалықтар

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында Жамбыл облысындағы жоғары оқу орындары мен орта білім беру мекемелерінің кітапханашыларының қатысуымен «Маманға сұрақ: кәсіби көзқарас» тақырыбында іс-шара өтті. ТарМПИ-дың Ғылыми кітапханасы ұйытқы болған жиында заманауи оқырман талабына сай кітапхана қызметін тиімді ұйымдастыру, ұжымда корпоративті мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Шараға қатысушылар алдымен «Жартығасырлық тарихы бар білім ордасы» атты фотоэкспозицияны тамашалап, «Тарихи таныммен ұрпақ өседі», «Ұлт келешегін көксеген кемеңгер Бауыржан Момышұлы» айдарындағы кітап көрмелерімен танысты.

«Современному читателю нужна не только библиотека» тақырыбында сараптамалық баяндама жасаған ТарМПИ Ғылыми кітапханасының директоры Гүлмира Есіркепова технология дамыған заманда кітап оқудың пайдасына жете тоқталып өтті.

Кітап – рухани сарқылмас қазына. Кітап дегенде әр адамның түсінігі әр түрлі. Мәселен біреулер ермек үшін оқыса, әлдекімдер оны адам өмірінің маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы деп түсінеді. Білімнің қайнар бұлағы – кітап деп бекер айтылмаған. Сондықтан да мұны адамзаттың баға жетпес құндылығы деп білеміз. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес. Қазіргі уақытта бүлдіршіндерге, студенттерге, жасөспірімдерге кітап оқуға толық жағдай қарастырылған. Өркениетті елдерде кітап оқуға деген ынта-ықыласты арттырудың түрлі амалдары жасалуда. Ал Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «50 жыл – 50 кітап» акциясы бастау алды. Мақсат – қазақ және әлем әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, өскелең ұрпақты отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар институттың қызметкерлері мен студенттерін оқуға, кітапханаға тарту, – деді Гүлмира Есіркепова.

Сонымен қатар жиын барысында «Library_club» кітапқұмарлар клубының тұсаукесері өтті. Аталған клубтың мақсаты – жазушылар мен оқырмандар арасындағы рухани байланысты жетілдіру және көпшіліктің кітапқа, өлеңге деген қызығушылығын дамыту. Назарбаев зияткерлік мектебі кітапханасының меңгерушісі Дана Байбарысова «Современные подходы в деятельности школьных библиотек Назарбаев Интеллектуальных школ» тақырыбында презентация жасады. Сондай-ақ шараға қатысушылар «Кітап оқымайтын Қазақстан» тақырыбында бейнеролик тамашалап, «Заманауи кітапхана: оқырман көзқарасы» атты ашық микрофон айдарында брейн-ринг, «Оқуды дамыту мен қолдау» атауымен блиц-ойындар ойнады.

Ашық сұхбат алаңының соңында кітапхана қызметін дамытуға үлес қосқан бір топ белсенді кітапханашы ТарМПИ ректорының Алғыс хатымен марапатталды. Жиын соңында жиналғандар Тараз қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің кітапханасына экскурсия жасады.

Ұқсас жазбалар

ТарМПИ студенті кикбоксингтен әлем кубогын иеленді

ТарМПИ студенті әлем чемпионы атанды

Жамбыл облысында Универсиада алауы жағылды

Пікірлер

comments0

Пікір қосу