Онлайн тест

НегізгіhornavЖаңалықтарhornavКеңейтілген Ғылыми кеңес отырыс өтті

Кеңейтілген Ғылыми кеңес отырыс өтті

Жаңалықтар

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының барлық ұстаздар қауымының қатысуымен кеңейтілген Ғылыми кеңес отырыс өтті. Кеңес күн тәртібінде бірнеше мәселелер қойылып, көпшілік талқылауына салынды.

Алғашқы мәселе институттың 2017-2018 оқу жылының даму стратегиясы болды. Бұл туралы иниститут ректоры, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Дария Пернешқызы Қожамжарова баяндама жасады. Алдағы оқу жылында атқарылатын басымдылықтарды атап өтті. Сонымен қатар, кеткен кемшіліктерді де көрсетіп, оның шешу жолдарын қарастыруды тиісті мамандарға қатаң тапсырды.

Екінші мәселе институт үшін маңызды оқиғалардың бірі екені сөзсіз. Ол Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 50 жылдық атаулы мерейтойы. Жарты ғасырлық тарихы бар оқу орнының түлектерімен, оқытушылық құрамымен мақтанары сөзсіз. Осы уақыттарда қаншама түлек түлеп ұшса, барлыға да өмірлік онын тапқан азаматтарға айдалды. Ендігі мақсат мерейтойды жоғары дәрежеде атап өту міндеті тұр. Бұл бойынша иниституттың тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры, э.ғ.к., доцент Орынқыз Көпбосынқызы Джолдасова баян етті.

Баяндама барысында 50 жылдық мерейтой қарсаңында өткізілген іс-шаралардың, атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалып, алдағы уақытта өтетін халықаралық және республикалық деңгейдегі іс-шаралардың бір сыпырасы аталып өтілді. Сонымен қатар, алыс-жақын шетелден келетін және республикамызға белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлерінің, белгілі түлектеріміздің аты-жөні аталды.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе «Ұстаздар күні» мерекесі болды. Бала тәрбиесінде орны бөлек бұл мамандықтың қызығы да шыжығы да көп екендігі белгілі. Толассыз еңбек етіп жүрген бір қатар азаматтардың еңбегі еленіп түрлі марапаттарға ие болды. Іс-шараның жалғасы концерттік бағдарламаға ұласты.

Ұқсас жазбалар

Студенттік театр «Айша бибі» тарихи трагедиясын сахналады

Сайлау конференциясы өтті

ТарМПИ түлегі Фируза Шарипова чемпион атанды

Пікірлер

comments0

Пікір қосу