Онлайн тест

НегізгіhornavЖаңалықтарhornav«Жайдарман» ойындары ТарМПИ-дың 50 жылдығына арналды

«Жайдарман» ойындары ТарМПИ-дың 50 жылдығына арналды

Жаңалықтар

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 50 жылдық мерейтойына орай «50 жылда ел жаңа» атты «Жайдарман» ойындары өтті. Факультетаралық деңгейдегі таңдаулы командалардың басын қосқан іс-шара ТарМПИ Студенттік кәсіподақ ұйымы және «Раян-Нұр» КТК тобының мұрындық болуымен ұйымдастырылды.

«Жайдарман» ойындары жастардың тұлға ретінде дамуына, тапқырлығы мен талантын ашуға септігі зор. Осы ретте студенттердің құлшынысын қолдап, көптің көзайымына айналған игілікті істі ары қарай дамыта беру маңызды екені белгілі. Педагогикалық институтта өткен ойында алдыңғы кезеңдерден іріктелген 7 команда бақтары мен баптарын сынады.

Ойын «Сәлемдесу», «Егер.., Онда...» және «Үй тапсырмасы (жұлдызды жайдарманшының қатысуымен) атты үш кезең бойынша өтті. «Жайдарманшылардың» ойынына белгілі КТК ойыншылары, институт ұстаздары әділқазылық жасады.

«Қоғамымызда болып жатқан көптеген оқиғаларды сын арқылы, оның ішінде әзіл-күлкі арқылы жеткізу – «Жайдарманның» негізгі мақсаты. Оның ішінде, ең біріншіден, шығармашылық жастарға қолдау көрсете отырып, олардың тұлға ретінде дамуына үлес қосатын бірден-бір шаралардың бірі», – дейді шараны ұйымдастырушылар. «Жайдарманның» ойындарын тамашалуға жиналған жастардың қарасы мол болды. Қысқа қойылым тақырыптары арасында студенттік өмір, күнделікті тұрмыста кездесетін жайттар туралы әзілдер айтылды.

Сайыс қорытындысы бойынша «Жайдарлы жандар» командасы өткір әзіл мен ұтымды қалжыңмен ерекшеленіп, жеңімпаз деп танылды. Екінші орынды Физика-математика факультетінің студенттерінен құралған «Жамбыл даңғылы 7» құрамасы қанжығаласа, үздік үштікті ТарМПИ-дың «Қазақстан студенттерінің Альянсы» ұйымының белсенділерінен құралған команда қорытындылады. Жүлделі орынға ие бола алмай, бірақ жақсы өнер көрсеткені үшін қалған 4 команда 1/4 «Жайдарман» ойындарына жолдама алды.

Жеңімпаздарға арнайы кубоктар табысталды.

Ұқсас жазбалар

Кітап оқуды насихаттауға арналған байқау өтті

Күйші, сазгер Аман Малдыбаевтың шығармашылық кеші өтті

Филология факультетінің түлектері үлкен өмірге жолдама алды

Пікірлер

comments0

Пікір қосу