Онлайн тест

НегізгіhornavЖаңалықтарhornav«Жас қаламгер» байқауы ұйымдастырылды

«Жас қаламгер» байқауы ұйымдастырылды

Жаңалықтар

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің «Химия-биология» факультетінің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында факультет ішінде жас ақынды анықтау, оқудан тыс бойында ақындық дарыны бар білімгерлердің ойын ұштау мақсатында «Жас қаламгер» байқауын өткізді.

Байқауға 10 жас ақын студент қатысты. Байқау үш бөлімнен тұрды. «Мен үшін мінсіз дегенің», «Жас Жамбылмын», «Жырлаймын», «Шабыт деген сәйгүлік» тақырыбында жас ақындарға шабытына қарай тақырыптар беріліп, өлең шумақтарын құрастырды.

Байқаудың қорытындысы бойынша Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орындар, қалған қатысушыларға қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. І орынды 2 курс биология мамандығы студенті - Батырхайыр Мадина,  ІІ орын - 1 курс биология мамандығы студенті, Өктембаева Динара, ІІІ орын - 1 курс биология мамандығы студенті Абуталипова Эльвира мен 3 курс биология мамандығы студенті Мирзаханова Мөлдір иеленді.

Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар мен арнайы дипломдар табыс етілді. Әділ қазылар алқасында «Ақ жол» облыстық газетінің тілшісі, облысымызға таңымал айтыскер ақын Досалы Есет, «Арай» облыстық жастар газетінің бөлім басшысы Сатылғанов Саятхан мен Республикалық шешендер байқауының жеңімпазы, «Қазақ филологиясы» кафедрасының аға оқытушысы Бекназаров Бақтияр төрелік етті.

Шара барысында әсем әуендер шырқалып, мың бұралған бишілердің билері қойылды. Байқау қонақтары кешімізді тамашалай отырып, студенттерге деген ізгі тілеген айта отырып, факультет студенттеріне ерекше көңіл-күй сыйлағаны үшін рахметін білдірді.

Ұқсас жазбалар

Ұрпақтар сабақтастығы

ТарМПИ студенттері жеңімпаз атанды

Халықаралық шараға біздің оқытушыларда қатысып қайтты

Пікірлер

comments0

Пікір қосу