Онлайн тест

НегізгіhornavЖаңалықтарhornavЖас ғалымдарды қолдау жөнінде жиын өтті

Жас ғалымдарды қолдау жөнінде жиын өтті

Жаңалықтар

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылыми-инновациялық қызмет бөлімі мен Жас ғалымдар кеңесі G-Global платформасы аясында «Қазақстанның инновациялық дамуы және қазіргі кезеңдегі ғылымның түйіткілді мәселелері» атты онлайн-бейнеконференциясын өткізді.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған жиынның мақсаты – жас ғалымдардың ғылыми-зерттеушілік ізденістерін қолдау және дамыту, өзекті ғылыми мәселелерді шешуге белсене қатыстыру. Бейнеконференция аясында 3 негізгі мәселе қарастырылды. Атап айтқанда, жиынға қатысушылар «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы – елдің рухани бірлігінің кепілі», «Қазақстан Республикасының инновациялық дамуының өзекті сұрақтары» және «Жасыл экономика – тұрақты дамудың жаңа векторы» тақырыптары аясында ойларымен бөлісіп, тың ұсыныстарын жеткізді. Мәселен, «Табиғи өнімдерді өңдеу арқылы организмнің биоритмін реттеу» тақырыбында ТарМПИ-дың Химия-биология факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рустам Укибаев, «ХХІ ғасыр-білімді жастар кезеңі, Тәуелсіз Қазақстанның қозғаушы күші» тақырыбында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің оқытушысы Әлфи Хайдар Әмед, «Возможности современной робототехники» тақырыбында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 2-курс студенті Николай Агарков және «Мәңгілік Ел идеясы: тарих, тағылым, тәжірибе» тақырыбында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің аға оқытушысы Бауыржан Еңсепов баяндама жасады.

Айта кетейік, бейнеконференцияға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Болашақ университеті, Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, А. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті және Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің профессор-оқытушылары мен жас ғалымдары қатысты.

Ұқсас жазбалар

ТарМПИ қызметкерлері арасында дәстүрлі спартакиада басталды

ТарМПИ-да 20-дан аса өзге ұлт өкілі білім алады

«Болашаққа сенімді қадаммен» атты жас көшбасшылар форумы өтті

Пікірлер

comments0

Пікір қосу