Онлайн тест

НегізгіhornavЖаңалықтарhornavЕл дамуының негізгі тетіктері сөз болды

Ел дамуының негізгі тетіктері сөз болды

Жаңалықтар

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Тарих және әлеуметтік педагогика факультетінің ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанда билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөнінде ел халқына жолдаған үндеуін түсіндіруге арналған жиын өтті.

Алқалы басқосуға Тараз қалалық мәслихатының депутаты Арын Асқарбеков, ТарМПИ-дың профессор-оқытушылары мен студенттері қатысты.

Жиынды ТарМПИ-дың Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Орынқыз Жолдасова ашып, жүргізіп отырды.

"Қазір басқарудың икемдік жүйесін енгізу заман талабы. Уақыттың өзі оны көрсетіп отыр. Бұны Елбасы ерекше атап кетті. Осындай өзгерістер нәтижесінде Парламент пен Үкіметтің ел тұрғындары алдындағы жауапкершілігі артады. Үкімет Қазақстанның әлеуметтік дамуын өз бақылауына алып, жете қадағалайды. Ал құзіреті кеңейген Парламент халықтың жағдайын ескере отырып, бақылау міндетін атқарады. Бұл реформалардың халықтық талқыға салынуы негізінен биліктің ашықтық принципін, әрбір бастаманы жұртшылықпен бірлесіп талқылауға дайындығын көрсетеді", - деді О. Жолдасова.

Ал Тараз қалалық мәслихатының депутаты Арын Асқарбеков бұл үндеу Қазақстанда демократиялық үдерістердің ары қарай жалғасын тапқандығын айғақтайтындығын, сондай-ақ конституциядағы өзгеріс үкіметтің де, парламенттің де жұмысының кәсібилігін, елдің саяси-экономикалық дамуындағы жауапкершілігінің артуын және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететіндігін айтты.

Сонымен қатар, жиын барысында Тарих және әлеуметтік педагогика факультетінің деканы Зағира Тоқбергенова аталған реформаның күнде өзгеріп жатқан қым-қуыт әлемге жаңа көзқарас болып табылатындығын, Қазақстан нақты саяси реформалардың алдында тұрғандығын әңгімелеп, ел өміріндегі маңызды саяси өзгеріс турасында пайымды пікірін білдірді.

Ұқсас жазбалар

Студенттер қатарына қабылдау салтанаты өтті

ТарМПИ музейінде 200-ден астам жәдігер сақтаулы

«Болашаққа сенімді қадаммен» атты жас көшбасшылар форумы өтті

Пікірлер

comments0

Пікір қосу