Онлайн тест

НегізгіhornavЖаңалықтарhornav«ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған марафонға 500-ге жуық адам қатысты

«ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған марафонға 500-ге жуық адам қатысты

Жаңалықтар

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ұйытқы болуымен Таразда «Жасыл марафон» атты жаппай жүгіру жарысы өтті. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне орайластырылған шараға 500-ге жуық адам қатысты.

Олардың қатарында жоғары оқу орындарының ұжымдары мен студенттері және қала тұрғындары бар.

ТарМПИ-дың бас оқу ғимаратынан басталған жарысқа қатысушылар 3 шақырым қашықтықта жүгіріп, сынға түсті.

Шара барысында әлемдік, республикалық спорт додаларының жеңімпаздары марафонға қатысушылармен бірге таңғы жаттығу жасады. Олардың сапында қазақ күресінен Әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дәулет Пахрединов, дзюдо күресінен халықаралық жарыстың жеңімпазы Бекәділ Шаймерденов, кикбоксингтен ересектер арасындағы Әлем кубогының иегері Арайлым Әуезова сынды спорт саңлақтары бар.

– Бұл марафон жастардың спортпен тұрақты айналысуына зор мүмкіндік береді. Жалпы Тараз марафонды қолдап отырған төртінші қала. Мақсат – «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін насихаттай отыра, өңір жастарының спортқа құлшынысын арттыру, тұрғындар арасында бұқаралық спорт түрін дамыту, – деп атап өтті ТарМПИ-дың Ақпараттық-имидждік қызметінің жетекшісі Жандар Асан.

Марафон қорытындысы бойынша жүзден жүйрік шыққандар бірнеше аталым бойынша марапатталды. Шара соңы педагогикалық институттың өнер ұжымдарының гала-концертіне ұласты.

Ұқсас жазбалар

«Жайдарман» ойындары ТарМПИ-дың 50 жылдығына арналды

ТарМПИ-да 20-дан аса өзге ұлт өкілі білім алады

Бекәділ Шәймерденов жазғы Универсиаданың қола жүлдесін иеленді

Пікірлер

comments0

Пікір қосу