Онлайн тест

НегізгіhornavЖаңалықтарhornav«Болашаққа сенімді қадаммен» атты жас көшбасшылар форумы өтті

«Болашаққа сенімді қадаммен» атты жас көшбасшылар форумы өтті

Жаңалықтар

Тараз мемлекеттік педагогикалық иниституты мен «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Болашаққа сенімді қадаммен» атты жас көшбасшылар форумы өткізілді.

Форумға Гамбургте бокстан өткен әлем чемпионатының екінші орын иегері Әбілхан Аманқұл, жас блогер Елдос Қадырек, облыстың ең жас депутаты Серікбол Берікқожа, республикалық жас мемлекеттік қызметкер байқауының жеңімпазы Мұстафа Ғаниұлы қатысты.

Тәуелсіз еліміздің белді жастары өз бойындағы табысқа деген құлшыныстарымен, жеткен жетістіктерінің сырларымен бөлісті. Олар әр саланың өкілдері, өздерінің сол саланы шексіз жақсы көру мен оған деген құрметтің толассыз екендерін атап өтті.

Алғашқы сөзді Тараз қалалық мәслихатының депутаты Серікбол Берікқожа сөз тізгіндеп, биылғы жыл еліміз үшін айтулы оқиғаларға толы болғандығын атап өтті. Халық қалаулысы оның ішінде Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына ерекше тоқталды. Сонымен қатар жас депутат өзінің тәжірибесімен бөлісіп, жастарды адами құндылықтарға баса назар аудару қажеттігін түсіндірді.

– Елбасының биылғы Жолдауы - Қазақстан үшін жаңғырудың Үшінші кезеңіне көшу арқылы жаһандық технологиялық бәсекелестікке ұмтылуға негізделеді. Ұлттың осындай міндеттерді орындауға әзірлігін пысықтайды. Президенттің сөзімен айтсақ, Үшінші жаңғыру - қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Яғни, жастар үшін жасалынып жатқан бағдарлама. Сондықтан Жолдаудың іске асырылуына баршамыз атсалысуымыз қажет, – деді Серікбол Берікқожа.

Форумда былғары қолғап шебері, жас боксшы Әбілхан Аманқұл шара туралы өз ойын жеткізіп, жастар қай салада жүрсе де биікке жеткізетін еңбек екендігін атап өтті.

Ал жас мемлекеттік қызметкер Мұстафа Ғаниұлы өзінің еңбек жолында атқарған жұмыстарымен бөлісіп, бүгінде сатылап өсіп келе жатқандығын жеткізді. Бастысы, тамыр-таныссыз ақ. Мәселен ол форум болып жатқан күні Жуалы аудандық әкімдігінің кеңсе бөлімінің басшысы болып тағайындалыпты.

Сондай-ақ үздік мемлекеттік қызметкер ретінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевпен кездесуін мақтаныш ретінде емес, керісінше өзіне деген үлкен жауапкершілік жүктегендігін жеткізді. Бүгінде «Инстаграм» әлеуметтік желісінде түрлі қызықты видеоларымен елімізге танылып үлгерген Елдос Қадырханов жастарды бос уақыттарын тиімді пайдалана білуге шақырды. Сондай-ақ жас блогер әлеуметтік желіге көп телмірудің қажеттігі жоқ екендігін айтып, шынайы өмірде белсенді болу керектігін тілге тиек етті.

Жиында форум спикерлеріне қатысушы жастар түрлі сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды. Осылай өрбіген «Болашаққа сенімді қадаммен» атты жас көшбасшылар форумы концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Ұқсас жазбалар

Елдос Сметов шеберлік сыныбын өткізді

ТарМПИ студенті әлемдік сайыстан жүлдемен оралды

«100 жылдыққа 50 жыл» тақырыбында концерті өтікізілді

Пікірлер

comments0

Пікір қосу