Онлайн тест

НегізгіhornavЖаңалықтарhornav«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру-жастар көзімен»

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру-жастар көзімен»

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Тараз мемлекеттік педагогикалық институты бірлесе ұйымдастырды.

Кездесуге Астана қалалық Жастар мәслихаты депутаты Әбдіманат Ерғазы Әзімханұлы, Жастар мәслихаты депутаттары, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, жас жазушы Сержан Кенжебек Сержанұлы, Тараз қалалық Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Исатай Ғабиден Сандыбекұлы қатысты.

Кездесу барысында Е.Әбдіманат еліміздің болашақта Латын әліпбиіне көшудің жолдарын, оның қажеттілігі мен артықшылықтары, жастарға беретін мүмкіндіктеріне кеңінен тоқталып өтті. Ал К.Сержан қазақ болмысы, оның ұлттық коды, туған жерге, елге деген махаббат, жастардың бойындағы ұлттық құндылықтарға баса назар аударды. Бұл талқылаулар студенттер үшін өте өзекті болды. Әсіресе болашақ педагогтар өз ойлары мен пікірлерін ашық ортаға сала білді. Бір бірлеріне сұрақ қойып, тұшымды жауаптар берілді. Жиын соңы қонақтармен естелік суретке түсумен аяқталды.

Ұқсас жазбалар

Кітап оқуды насихаттауға арналған байқау өтті

«Жайдарман» ойындары ТарМПИ-дың 50 жылдығына арналды

ТарМПИ музейінде 200-ден астам жәдігер сақтаулы

Пікірлер

comments0

Пікір қосу