Онлайн тест

НегізгіhornavЖаңалықтарhornavБілім күні аталып өтті

Білім күні аталып өтті

Жаңалықтар

Ұстаздардың ұстаханасы атанған Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында білім күні аталып өтті. Мерекелік іс-шараға оқу орнының оқытушылары, ардагер ұстаздар, студенттер мен ата-аналар қатысты. 50 жылға жуық тарихы бар оқу орны талай жастың талабын шыңдады. Бүгінде «ұстаз» деген ұлы атты абыроймен атқарып жүрген қаншама мұғалімге алғашқы баспалдақ болды. Міне, өңірдегі іргелі білім ошағының бірі болып саналатын педагогикалық институт болашақта ұстаз боламын деген жастарға есігін тағы да айқара ашты.

Білім күніндегі мерекелік іс-шарада ТарМПИ ректоры Дария Қожамжарова сөз алып, барша ұжымды мерекемен құттықтады.

«Биылғы жаңа оқу жылының өзгелерден ерекшелігі – институт табалдырығын алғаш аттап, студент атанып отырған жастарымыздың қадамы ел тәуелсіздігінің 25, оқу орнының 50 жылдық торқалы тойына тұспа-тұс келіп отыр. Бүгін ТарМПИ студенті атанып отырған жастарымыздың талабы – оң, білім жолына аттаған баспалдақтары құтты болсын! Қазіргі таңда әлемде төрт мыңнан астам мамандық бар деп есептеледі. Бірақ, қандай қоғам, қандай заманауи өзгерістер болмасын, білім саласында мұғалім – шешуші тұлға болып қала беретіні даусыз. Себебі, ұстаз – ол адам жанының инженері.

Ұлтымыздың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев: «Алты Алаштың баласы бас қосқан жерде қадірлі орын – мұғалімдікі» десе, атақты педагог Константин Ушинский: «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен – тарихтағы ең ұлы істің бірі» деген даналық ой қалдырған. Ғасыр ғұламаларының айтқан сөздері техника мен технология қарыштап дамыған күні бүгінге дейін өз өміршеңдігін жойған емес. Қадірлі 1 курс студенттері! ХХІ ғасыр – жаңалығы желмен жарысқан, ой өрісі ғарышпен таласқан заңғар жастардың ғасыры. Сіздер үшін өмірдің жаңа парақтары ашылғалы отыр. «Білім» атты  ғажап әлемнің сырларын бойға дарыту үшін ерен еңбек етіп, зерек те зейінді, алғыр да тапқыр, білгір де білікті болатындарыңызға кәміл сенемін», – деді институт басшысы.

Сонымен қатар, салтанатты жиынға есімі елге белгілі азаматтар да қатысып, ұстаздар мен студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтап, ізгі ниеттерін білдірді.

Жарты ғасырлық білім ошағының өткені сараланып, болашағы айқындала түскен мерекелік іс-шара барысында енді ғана студент атанған жастарға символдық «Студенттік билет» ресми жағдайда табысталды. Ал, өз кезегінде білімгерлер жиналған жұртшылыққа, ұстаздарға ыстық ілтипатын білдіріп,  өнерлерін ортаға салды.

Ұқсас жазбалар

Бекәділ Шәймерденов жазғы Универсиаданың қола жүлдесін иеленді

Өнер жұлдыздары ТарМПИ-да концерт берді

ТарМПИ-да 2017 жылғы универсиадаға 100 күн қалғаны аталып өтілді

Пікірлер

comments0

Пікір қосу