Онлайн тест

НегізгіhornavЖаңалықтарhornavБаласағұн музейі ашылды

Баласағұн музейі ашылды

Жаңалықтар

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 50 жылдық мерейтойы қарсаңында Баласағұн музейі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті атындағы мәжіліс залы, Ректорлар аллеясы салтанатты ашылды.

Сонымен қатар, жаңадан ашылған Ректорлар аллеясында «Болашаққа хат» капсуласы мемориалды тақтайшаның астына бекітілді.

Баласағұн музейін физика-математика ғылымының докторы, профессор Мұхтарбай Өтелбаев, Қазақстанның Еңбек Ері, ТарМПИ түлегі Аягул Миразова ашты.

Музейде 500-ге жуық жәдігерлер, 50 жылдықта басқарған ректорлардың естелік суреттері, өмірбаяндары орналастырылған.

Сонымен қатар, Ректорлар аллеясында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, т.ғ.д., профессор, ұлттық ғылым академиясының академигі Д.Қожамжарованың және институттың студенттік ректоры Д.Бәйдібектің қатысуымен «Болашаққа хат» капсуласы мемориалды тақтайшаның астына бекітілді.

Ұқсас жазбалар

«Дәстүрдің алтын діңгегі» атты көрме ашылды

ТарМПИ музейінде 200-ден астам жәдігер сақтаулы

Ел дамуының негізгі тетіктері сөз болды

Пікірлер

comments0

Пікір қосу