Онлайн тест

НегізгіhornavЖаңалықтарhornav«Clil әдісі үштілді білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді жолы»

«Clil әдісі үштілді білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді жолы»

Жаңалықтар

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында Үштілді білім беруді дамыту бағдарламасы аясында SES ұйымының маманы Томас Готфрид жүргізген «CLIL әдісі үштілді білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді жолы» атты біліктілікті көтеру курсы ұйымдастырылды.

CLIL әдісі бойынша біліктілікті көтеру курсына ТарМПИ-дың профессор-оқытушылар құрамымен қатар аудан мектептерінен 25 мұғалім қатысты. Томас Готфрид CLIL әдісінің маманы ретінде ұзақ жылдар бойы әр түрлі мемлекеттерде (Испания, Аргентина, Румыния, Канар аралдары) қызмет етіп жинаған тәжірибесімен барынша бөлісті.

Қазіргі кезде адамның кәсіби шеберлігіне, білім өрісіне, зиялылық және танымдылық деңгейіне өмірдің өзі биік талаптар қойып отыр. Кем дегенде үш тілді меңгеру-заман талабына айналып отырған қажеттіліктердің бірі. Қазақстандықтардың үш тілді еркін меңгеруі туралы идеяны тәжірибе жүзінде іске асыру бүгінде отандық мектептен маманның шығармашылық өзін-өзі жетілдіру саласын дамытуға және ағылшын тілін ғылыми ақпарат пен жаhандану экономикасына сәтті кірігу тілі ретінде енгізу бағытталған көптілді білім беруді енгізуді талап етеді. Бұл мәселенің бүгінде мемлекеттік деңгейде талқыланып, білім реформалары аясында қарастырылып отырғандығы қуантады. Осындай мүмкіндікті пайдаланып біз де SES халықаралық қатынастар бойынша неміс экономикасының қоры ұйымымен келісім жасап Германиядан доктор Томас Готфрид келді. Ол 1977-2013 жылдар аралығында физика, математика және информатика пәндері бойынша Германияның шет елдердегі билингвалдық мектептерінде ұстаздық қызмет атқарған үздік маман, – деді Білім берудегі инновация және халықаралық байланыстар орталығының басшысы Назым Дүйсенова.

Доктор Готфрид тек қана оқытып қана қоймай, нәтижесін көру мақсатында курс аяқталған соң бір апта бойына кері байланыс жасау үшін қала мен аудан мектептерін аралады. Біліктілікті көтеру курсынан өткен мұғалімдердің сабақтарына қатысып, өз кеңестерімен бөлісті. Оқу үрдісін ұйымдастыру, мұғалімдерді қамтамасыз ету Үштілді білім беру бөлімінің басшысы Алуа Ахмедиярқызына жүктелді. Доктор Готфридтің лекциялары ағылшын тілінде жүргізілгендіктен, «Шетел тілдері» кафедрасының оқытушысы Жансая Жорабекқызы тілмаш қызметін атқарып, мұғалімдерге тереңірек түсінуге көмектесті.

Жаһандандыру және әлемдік кеңестікке шыққан заман тілдерді білуді талап етеді. Сондықтан, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі – көптілділік мәселесі болып отыр. Осындай курстар, жобалар арқылы еліміздегі Үштілді білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға өз үлесімізді қосамыз деген сенімдеміз.

Ұқсас жазбалар

Наурыз мерекесіне арналған байқау өтті

«Жайдарман» ойындары ТарМПИ-дың 50 жылдығына арналды

Студенттік театр жаңа қойылымын сахналады

Пікірлер

comments0

Пікір қосу