Онлайн тест

НегізгіhornavЖаңалықтарhornav«100 жылдыққа 50 жыл» тақырыбында концерті өтікізілді

«100 жылдыққа 50 жыл» тақырыбында концерті өтікізілді

Жаңалықтар

Студенттік кәсіподақ ұйымының ұйытқы болуымен «Студенттер үйінде» 1-курс студенттеріне арналған «100 жылдыққа 50 жыл» тақырыбында концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды.

Мектеп бітіріп, жаңа ортаға келген, алғаш студент атанып, үлкен өмірге аяқ басқан - болашақ мамандардың құрметіне ұйымдастырылған бұл шараға ТарМПИ-ның Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры О.Джолдасова, ректор көмекшісі Е.Қапалов, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы У.Болатбек, «Ақ сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Есіркепов, Тараз қалалық мәслихатының депутаты С.Берікқожа, «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Б.Тұрсынбек сынды бір қатар азаматтар қатысты.

Шараны Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры О.Джолдасова ашып берді. Концерттік бағдарламаны «Студенттер үйінің» өнерлі жастары одан әрі әрлей түсті. Түрлі әндер мен билер ортаға салынды. Іс-шараны «Тек қана қыздар» КВН құрамасы студенттік өмірдің ең қызықты сәттерінен қойылымдар келтіріп, одан әрі қызықтыра білді. Кеш соңы қадірлі қонақтардың құттықтау сөзімен аяқталды.

Ұқсас жазбалар

ТарМПИ студенті әлемдік сайыстан жүлдемен оралды

ТарМПИ-дың 50 жылдығына арналған кітаптың атауына конкурс жарияланды

ТарМПИ-да аймақтық БАҚ-тың бүгіні мен болашағы талқыланды

Пікірлер

comments0

Пікір қосу