Шахмат тақтасындағы дәндер туралы
Онлайн тест

НегізгіhornavҒылымhornavШахмат тақтасындағы дәндер туралы

Шахмат тақтасындағы дәндер туралы

Ғылым

Бірде шахмат ойынын ойлап тапқан адам, ежелгі үнді дана және математик Сисса бен Дахир өзінің қолөнер туындысын ел Патшасына көрсетті, соңғысына ойынның ұнағаны соншалықты, өнертапқыштың өзі өзіне сыйлығын таңдауға рұқсат берді.

Дана өнертапқыш Патшадан шахмат тақтасының бір ұяшығына бір  бидай дәнегімен (басқа нұсқада – күріш дәнегі) төлуеін сұрады, екінші ұяшығына – екеу, үшінші ұяшығына – төртеу және осылай әрбір келесі ұяшығына бидай санын көбейтіп отырды. Математиканы жақсы түсіне бермейтін Патша тез келісімін берді, тіпті сондай қолөнер туындысын төмен бағаланғанына ренжіді, дегенмен, Патша қазынашыға келісілген бидай санын туынды авторына санап беруге әмір берді. Алайда, бір аптадан соң қазынашы қанша бидай керек екенін санай алмайған соң, Патша бұның себебі неде деп сұрайды. Қазынашы оған есептерін көрсетіп төлуеге мүмкін еместігін айтады, себебі берілу керек бидай саны бүкіл адамзат тарихында жиналған  бидай егіндерінен асады.

Бүкіл тақтаның бетінде 2нің 64 дәрежесі  - 1 немесе 18 446 744 073 709 551 616 дәнек, олардың жалпы салмағы 461 168 602 000 тоннаны құрайды. Осындай бидай санын орналастыру үшін өлшемдері 10х10х15 км астық сарайы қажет. Өнертапқыштың қулығына түскен Патша өзінің өшін алу үшін біріншісіне адал ақы төленгеніне күмәні қалмас үшін оған әр дәнекті басынан аяғына дейін санап шығуына бұйрық береді.

Ұқсас жазбалар

Физика туралы ақпарат

Гравитациялық тартылыс

Бір оқушы ғана оқитын мектеп

Пікірлер

comments0

Пікір қосу