Бір оқушы ғана оқитын мектеп
Онлайн тест

НегізгіhornavҒылымhornavБір оқушы ғана оқитын мектеп

Бір оқушы ғана оқитын мектеп

Ғылым

Соңғы кездері шалғай жерлерде ( ауылдарда) орналасқан мектептер баяу жойылып келе жатыр. Халық жақсы өмір үшін, қалыпты жұмыс орнын табу үшін ірі қалаларға  көшіп кетеді. Бұл бағыт аясында техникалық оқу орындары, колледж және мектеп сияқты мекемелердің  танымалдығы  өте қатты өсті.

Қытайда, Фуцзянь қаласында Ху Янг есімді оқушы тұрады. Бір қызығы, бұл жігіт кішігірім ауылдағы  бастауыш мектебінің жалғыз ғана оқушысы.  2005 жылы үш қабатты мектеп салынды.  Оның ішінде 24 сынып бар, алайда Худы екі ұстазы оқытатын  бір сыныптан басқасы босап тұр.

Жоқ,  мектепте мұғалімдер жетіспейді деген сұрақ емес алаңдататын, жай ғана оқу орнының жалғыз оқушысын барлық пәндерге бар болғаны екі-ақ  педагог үйретеді. Бірнеше жыл бұрын мектепте 80 оқушы білім алатын, ал бір жыл бұрын олардың саны 17ге төмендеді.

 Худың ұстазы Ченг Чисионгтың айтуынша, оқушы жалғыз болса да, ол Білім Министрлігінің бекітілген жоспарымен білім алады, сонымен қатар жақсы оқиды.

Оның ұстаздары шәкірті өзін нағыз  қарапайым оқушы екенін сезіну үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысады, Худы бір күні қалыпты мектепке барады деп сенеді.

Барлық бұрынғы оқушылар не жұмыс табамын деген үмітпен ата-аналарымен бірге көшіп кеткен, не жай ғана  оқуын тастап кеткен. Ең соңғы болып мектептегі оқуын тастаған  13 жастағы Янгтың әпкесі болатын.

Ұқсас жазбалар

Шахмат тақтасындағы дәндер туралы

Физика туралы ақпарат

Әлемдегі ең қуатты дербес компьютер

Пікірлер

comments0

Пікір қосу