Онлайн тест

НегізгіhornavҒылымhornavБалалар ағылшын тілін таңдайды

Балалар ағылшын тілін таңдайды

Ғылым

Орыс пен украин тілдерінен басқа үйренетін ең әйгілі тіл ол ағылшын тілі. Балалар кем дегенде бір шетел тілін үйренуге құштар. 3 пен 14 жас арасындағы 569 бала қатысқан  Қоғамдық даму Халықаралық институты мен бірге «Казковий вечiр» («Ғажайып кеш»)  балалар басылымы сауалнама өткізді. Бұл сауалнама Украинаның әр түрлі аймақтар бүлдіршіндерінің арасында өткізілді. Сауалнама келесі нәтижелерді көрсетті: украин тілін уйреніп немесе уйренгісі келіп жүрген балалар саны 94% құрайды. Ал орыс тілінің жанкүйерлер саны 60,5%. Ағылшын тілін ұнататындар – 73,5% барлығы. Сауалнамаға қатысқан балалардың 10,5% неміс тілін жақсы меңгеруді армандайды. Ал француз тілін балалардың тек 4% білгенін қалайды.  0,2% - латын тілін үйреніп жүрген балалар саны.

Бәріне де белгілі факт, балалар үлкен кісіге қарағанда шетел тілдерін оңай жаттап алады. Ал тіл үйренуді қанша жастан бастаған дұрыс деген сұрақтың жауабы әр түрлі пікірден тұрады. Біреулер ең оңтайлы жас ол 4тен 8ге дейін десе, басқалар баланы 1,5 жастан 7 жасына дейін оқыту керек деп есептейді.

Алайда, мамандар не десе де, ата-ананы баланы, мысалы, ағылшын тіліне қалай үйретсе екен деген сұрақ бәрібір мазалайды. Оқыту әдістерінің саны жетерлік, бірақ барлығы келесі факторларға байланысты: өзіңіз ағылшын тілін білесіз бе және  оны қаншалықты жақсы меңгердіңіз, сонымен қатар баланың жасына де көптеген нәрсе байланысты.

Егер де балаңызға ағылшын тілін үйретуге ниетіңіз шын болса, тіпті дәл қазір кірісіп кетсеңіз де болады. Егер Сіз бұл тілді еркін меңгерген болсаңыз, уйде екі тілде сөйлеуіңізге болады. Егер меңгермеген болсаңыз, шетел тілін жетік меңгерген бала күтушісін жалдаңыз. Жасы бойынша қатаң шектеулер жоқ.

Ал егер де Сіз балаларды ағылшын тілін үйрету орталығына беруге шешім қабылдасаңыз немесе оқытушыны үйге жалдасаңыз, онда 4-5 жасынан аса бастау керек. Оның түсіндірмесі қарапайым: дәл осы жаста баланың өз ана тіліндегі сөздік қоры толтырылады. Егер Сіз, мысалы, балаға «book» деген кітап екенін түсіндіріп жатсаңыз, ал бала болса оның не екендігін білмесе, ондай сабақтар ешқандай да нәтижесін көрсетпейді.

Ұқсас жазбалар

Пісірілген жұмыртқаны шикі жұмыртқадан қалай ажыратамыз?

100 жыл бұрын білім беру жүйесі қандай болған

Түс туралы

Пікірлер

comments1

Айгерим

күшті екен

comment-date26.10.201606:21

Пікір қосу