Онлайн тест

НегізгіhornavҒылымhornav100 жыл бұрын білім беру жүйесі қандай болған

100 жыл бұрын білім беру жүйесі қандай болған

Ғылым

100 жыл бұрын білім беру жүйесі бүгінгі күнге қарағанда мүлдем басқа еді. Ол кездері мектептерде төрт түрлі тілдер оқытылатын, ал оқушы нашар баға алса, оның қолын сызғышпен ұрып жазалайтын, не болмаса түскі ас ішу мүмкіндігінен айыратын.

Гимназия  мектептерінде атақты ата-аналардың балаларына ғана емес, олармен қатар қызметшілердің де балаларына білім алуға рұқсат етілген. Сол уақытта оқу ақылы болатын, бір жылдық оқу 40 рубль тұратын.

Мысалы, 1912 жылы Одесса қаласында оқушылар міндетті түрде өз оқу орындарының арнайы киім үлгісін (мундир) киетін. Балалар инспекторлардың көздеріне түсуге қорқатын, ал футбол алаңдарында туған қаланың намысын қорғау мәртебе болатын.

Бір ғасыр бұрын білім беру жүйесі екі кезеңге бөлінетін: бастауыш және орта. Біздің заманымыздың бастауыш мектептері, яғни біріншіден төртінші сыныптарға дейін, анау заманның бастауыш мектептеріне сай келетін. Балалар оқуды 7-8 жастан бастайтын. Бастауыш мектепте білім алу тегін болатын. Мысалы, Одессаның өзінде сондай оқу орындарының саны 97 болған.  Оқу бағдарламасына үлгермей жүрген балалар бастауыш мектепте 4 немесе 5 жыл оқуларына болатын. Сол кездері бағдарламадан қалған балаларды  тағы бір жылға оқуда  қалдыратын. Білім берудің келесі кезеңі – орта білім – яғни коммерциялық оқу орындарына, гимназияларға 10-11 жасынан да, 12-13 жасынан да түсетін.

100 жыл бұрын гимназияда оқу үлкен бедел болып есептелетін. Оқу мерзімі 8 жылға дейін созылатын. Аттестатты алғаннан кейін оқушы ЖОО-на сынақ емтихансыз түсе алатын. Алайда, оқу орынның беделіне қарамастан, тіпті гимназияларда төмен үлгерім үшін екінші жылға қалдыратын. Бұл себептен бір сыныпта 14-15 жастағы балалар да, үлкен жастағы адамдар да оқитын. Гимназияда міндетті пәндер болатын, мысалы: физика, каллиграфия, математика, тарих, Құдай заңы және география. Сонымен қатар, тілдерді үйрену де міндетті болатын, мысалы: неміс, француз, шіркеу-славян, орыс және де латын тілдері. Жыл сайын оқушылар барлық пәндерден ішкі емтихандар тапсыратын.

100 жыл бұрын білім алу қолжетімді болатын, себебі оқу төлемі жылына 30дан 40 рубльге дейін тұратын. Алайда, айлықтары айына не бәрі 30-45 рубль болатын жұмысшылар, аула сыпырушылар немесе аспазшылар үшін оқу ақысы соншалықты  аз емес. Осыған байланысты гимназия оқушылары 90%ға офицер, қорғаушы, я да саудагерлердің балаларынан тұратын.

Ұқсас жазбалар

Түс туралы

Бір оқушы ғана оқитын мектеп

Ат күші туралы мәлімет

Пікірлер

comments0

Пікір қосу