Онлайн тест

НегізгіhornavҚызық АйғақhornavСтуденттердің ең рабат жатақханасы

Студенттердің ең рабат жатақханасы

Қызық Айғақ

Әрбір адам өз өмірінде жатақхана мәселесімен бетпе-бет келуі әбден мүмкін. Әлбетте жоғарғы оқу орнында оқып жүргенде жатақханада тұрғаның немесе жатақханада тұратын достарың немесе топтастарыңмен уақыт өткізгенің анық. Демек жатақхана тынысы баршамызға таныс.

Даниядағы Копенгагеннің жаңа бір ауданында бар жағдайы жасалған керемет жатақхана бар көрінеді. Мұндай ғимаратты «общага» деп айтуға аузың бармайды. «Тиетген» - домалақ пішінді өте үлкен ауласы бар үй. Оны 2006 жылы тұрғызған. Бұл ғимараттың ауданы 26 800 шаршы метр. 7 қабаттан тұратын ғимаратта 360 бөлме бар.

Цилиндрлік формадағы жатақхана тігінен 5 жолдармен біріктірілген, себебі бұл жолдар сырт көзге ғимаратты секцияларға бөліп тұрғандай әсерде қалдырады. Ал әрбір адам өтетін жерлері арқылы орталық аулаға шығуға болады. Жатақхананың сырты қорғасын мен жез араласқан қызыл қоспа және еменмен қапталған. Ал жатақхана ішіндегі еден магнезиттен, қабырғалары күлгін түсті фанерамен қапталған бетондардан тұрады.

Алайда бұл жатақхананың тек сырты ғана емес іші де тым тартымды. Жатақхана ішінде студенттер емін-еркін білім-ғылыммен айналыса алатын оқырман залы, сканер, көбейткіш машина бар. Әрбір бөлме 26-33 шаршы метрді құрайды. 30 бөлме екі адамдық, мұндай бөлмелер жұптарға немесе отбасылы студенттерге арнайы жасақталған. Әрбір бөлмеде үлкен терезе, жуынатын бөлме және дәретхана бар.

Жатақхананың 60 бөлмесі академиялық ұтқырлық жүйесімен келген студенттерге арналған. Бұл ғажайып ғимаратта 30 ас бөлмесі бар, яғни 12 бөлмеге бір асханадан келеді. Әлбетте, ас үйге қажет барлық ыдыс-аяқтар мен ас үй жабдықтары бар.

Әрине, мұнда тек жаттығулар жасап қана қоймай баскетбол, теннис ойнайтын үлкен спорт зал да бар екен. Сонымен бірге демалыс бөлмелері мен арнайы аппаратурамен жабдықталған музыка бөлмесі де қарастырылған. Міне ғажап,  студенттік жатақхана деп осыны айт.

Ұқсас жазбалар

Өміріңізге қауіпті 9 мамандық туралы не білесіз?

Әлемнің ең қымбат университеттері

Би туралы қызықты айғақтар №2

Пікірлер

comments0

Пікір қосу