Онлайн тест

НегізгіhornavҚызық АйғақhornavСирек кездесетін музыкалық аспаптар

Сирек кездесетін музыкалық аспаптар

Қызық Айғақ

Сонау бағзы замандардан бастап музыка мен музыкалық аспаптар адамдарға жолдас болып келеді. Сол кездерден бастап олардың сыртқы түрлері өзгеріп келеді. Мәселен, фортепианоның сыртқы келбеті әдепкіде дөрекі, ұсқынсыз болып көрінген. Кейіннен ол нағыз салиқалы адамдардың музыкалық аспабына айналды. Сіздер ары қарай сирек кездесетін, таңғажайып, әрі заманауи  музыкалық аспаптармен таныс боласыздар! Алысқа ұзамаңыздар!

САКУЛЕЙТА
Бұл аспап жапонның бамбуктан жасалған «сякухати» атты флейтасының жоғарғы бөлігін еуропалық оркестрлік флейтаға жапсырып қойғандай әсер береді. Мұндай дайын аспапқа адамдар 1600 доллар төлеуге дайын. Бұл флейтаның бір бөлшегінің өзі 500 долларды құрайды. Мұндай ғажайып музыкалық аспаптың пайда болуы, шығыс мәдениетіне деген қызығушылықтың артуынан деп пайымдайды мәдениеттанушылар.

ГЛЮКОФОН
Бұл музыкалық аспап ұрамалы. Медицина тілінде «перкуссия», яғни, әр жерлерден ұрып тексеру деген ұғым бар. Бұл да сол мағынаға жақын болып отыр. Бұл аспап сырт көзге ұшатын тарелканы елестетеді, себебі формасы дөңгелек. Аспаптың төменгі бөлігінде ойық бар. Ондай тереңдіктегі ойық үстіңгі бөлігіндеде бар. Аспаптың төменгі ойығын тізеге баса отырып, үстіңгі ойықтың әр жерлерінен не қолмен, не болмаса арнайы таяқшамен ұрғылайды. Глюкофон сыңғырлаған қоңырауларға ұқсас тамаша бір үн шығарады. Мұндай ғажап музыкалық аспаптың құны 600 долларды құрайды.

ӘЙНЕК СЫРНАЙ
Бұл аспап 1761 жылдан бері ұмыт болған. 1920 жылдары қайта сәнге ене бастады. Ирландықтар әр түрлі өлшемдегі бокалдардың ішіне су толтырып, бокалдардың бетінен саусақпен айналдыра жүргізіп әдемі бір әуез түзетін. Бенджамин Франклин осы жайтты көрген соң осы тұрпаттас аспап ойлап табуды көздеді. Діттегенін жүзеге асырып 48 әйнек жартышардан тұратын бір тізбек бойынша айналатын аспап жасап шығарды. Белгілі бір өлшемге дейін су толтырылатын құрал саусақтардың нәзік тиуімен бірге әдемі әуезді үн шығарады.

ВЪЕЛЬ, ХЁРДИ-ГЁРДИ немесе арба тәріздес лира
Бұл музыкалық аспапты Еуропада 15 ғасырда ойлап тапқан. Аспаптың сыртқы пішіні Виолаға ұқсайды, артықшылығы екі ішегі бар. Үн айналып тұрған жапсарласқан арбадан шығады. Үні ерекше. Бүгінгі күні арбалы лираны 1400 доллардан 4000 долларға дейін алуға болады. Айтпақшы, Лира деген гректердегі ертеректерде болған музыкалық аспап.

Ұқсас жазбалар

Балалар ойлап тапқан таңқаларлық өнертабыстар №2

Өміріңізге қауіпті 9 мамандық туралы не білесіз?

Би туралы қызықты айғақтар №2

Пікірлер

comments0

Пікір қосу