Онлайн тест

НегізгіhornavҚызық АйғақhornavСандар туралы қызықты жайттар

Сандар туралы қызықты жайттар

Қызық Айғақ

13 саны туралы қорқыныш.
Бұл саннан қорыққан адамдар көпқабатты үйдің 13-ші қабатын 12А деп ауыстырады, кейде тіпті мүлдем атамайды да екен.

Шығыстағы сандар туралы көзқарастар.
Күншығыс елдерінде 4 саны "Өлім" дегенмен бірдей, сондықтанда көп қабатты үйлердегі мұндай қабаттар мүлдем жоқ.

«Жұп немесе тақ?» гүлдерге қатысты қорқыныштар.
ТМД елдерінде қыздарға гүл сыйлағанда оның саны міндетті түрде тақ болуы шарт, ал АҚШ пен еуропалық елдерде бұл жайт керісінше.

Қырқаяқтың 40 аяғы бар ма?
Осы күнге дейін адамдар аяғы көп жәндік көрсе болды, оны қырқаяқ дей салады, бірақ барлық жәндіктерде аяқ саны 40 емес. Кейбір жәндіктерде 400 ге тарта аяқтар болады екен. Міне, қызық!

Қателіктің жетістігі.
Google іздеуші жүйесін құрушылар Ларри Пейдж бен Сергей Брин өздері ойлап тапқан жүйелеріне ат қою үшін ұзақ ойланып, есімдерді көп таңдады. Осындай таңдаулардың ішінен оларға «гугл» сөзі, яғни 1 және жүз нөл деген сөз ұнады. Бірақ домен енгізіп отырған маман өрескел қателік жіберіп     «googol» деп жазылу керек доменді «google» болып жазып жіберіпті. Десе де осы есім бекітіліп қазіргі таңда  «Google» ең танымыл іздеуші жүйесі болып отыр.

«Қырықтың» несі бар екен?
Қырық саны яғни орысша «Сорок» басқа десять, двадцать, тридцать ... дегендерден ерекше. Неге олай? Ол туралы ойланып көрдіңіз бе? Ертеректе «сорок» сөзі матаның атауы екен, оны базарда 40 аңның терісімен орапты. Осылайша тұрмысқа еніп кете беріпті.

Будапештте 70-ші нөмірге дейін троллейбустар жоқ көрінеді.
1948 жыл несімен есте қалды? Сталиннің 70 жылдық мерей тойы. Осы жылы Будапештте алғашқы троллейбустар шығарылып, олар мерей той құрметіне орай 70 санынан басталған. Бір қызығы олар әлі күнге дейін өзгертілмеген.

Ұқсас жазбалар

Жер бетіндегі ең көне кітап

Франция және Куба елдерінде мектеп бітіру кештерін қалай тойлайды?

Қытай және Шотландия елдерінде мектеп бітіру кештерін қалай тойлайды?

Пікірлер

comments2

Жансая

Маган сандар туралы кызыкты жайыттар,ангымелер унады

27.11.201721:33

Марлен

неге тұрмыстық заттар, этаждар мысалы, тақ сандармен стелген?

02.02.201818:41

Пікір қосу