Онлайн тест

НегізгіhornavҚызық АйғақhornavЖер бетіндегі ең көне кітап

Жер бетіндегі ең көне кітап

Қызық Айғақ

Қазіргі күні жер бетіндегі ең ескі кітап ретінде VIIғ.аяғы мен VIIIғ. басындағы  «Кутберт Линдисфранскийдің Інжілін» айтамыз. Бәрімізге мәлім, латын тілінде жазылған  «Ионна Інжілі»  698 жылы епископ Линдисфарн –Кутбертпен бірге көмілген болатын. Онда Матфей, Марк, Лука және Иоаннадан қалған үйлестірілген інжіл мәтіндері бар.

Кейбір зерттелген мәліметтер бойынша қолжазбалар шамамен 715 жылы епископ Эадфрит Линдисфарнский еңбегінің арқасында жазылған, бірақ бұл мәліметке нақты сенім жоқ. Бұл ғалымдардың пайымдауынша шіркеу жанындағылардың шексіз құрметіне ие болған қасиетті Кутбертке арналған манускрипт болуы мүмкін.

Жерлеу рәсімі кезінде кітапты Кутберт мүрдесімен бірге қабірге салды немесе бұл іс кейініріек те орын алды деген баламалар да жоқ емес. Ол уақытта солтүстік Англия халқы викингтердің лаңкестік көтерілістерінен шаршаған болатын, сондықтанда Кутберт Линдисфранктің мүрдесін қауіпсіз жерге көшіру туралы шешім қабылданды.

Анығын айтсақ, 1104 жылы манускрипт табылды. Ол көп уақытқа дейін қолдан қолға өтіп, қазіргі таңда Британ кітапханасы оны 14,3 миллион долларға сатып алды.

Ұқсас жазбалар

Өміріңізге қауіпті 9 мамандық туралы не білесіз?

Әлемнің ең қымбат университеттері

Балалар ойлап тапқан таңқаларлық өнертабыстар

Пікірлер

comments1

Дина

Өте қызықты жазылған мағұлмат!

01.12.201612:10

Пікір қосу