Онлайн тест

НегізгіhornavҚызық АйғақhornavӘлемнің ең қымбат университеттері

Әлемнің ең қымбат университеттері

Қызық Айғақ

Сіз әлемнің ең қымбат университеттері Гарвард немесе Пристон, әлде Парсы шығанағындағы ерекше білім ордалары деп ойлайтын боларсыз? Егер сіздің ойыңыз дәп осындай болатын болса, онда сіз қателестіңіз!

The Chronicle of Higher Education хабарлауы бойынша дәл қазіргі уақытта ең қымбат оқу орны Джордж Вашингтон университеті екен. Бұл оқу орны АҚШ-та орналасқан, мұнда төрт жылдық оқыту құны $39,240, ал Пенсильваниядағы «Бакнелл» университетінде оқыту құны $38,134. Біршама колледждердегі оқыту құны да университеттерге жетеқабыс екен.

Айта кетсек, Огайодағы «Каньон» колледждің оқыту құны $38 140 болса, Нью-Йорктік «Вассар» колледжінде білім алу үшін $38 115 төлеу қажет. Мұндай ақылға сыйымсыз ақшаларды жинап алатын аталмыш оқу орындары қаржылық көмек көрсетуге әрдайым әзір. Әңгіме нысаны болған Джордж Вашингтон университетіне түскен кезде $23 466 соммалы әлеуметтік пакет бөлінеді.

Университет президентінің мәлімдеуінше оқу орынының мәртебесін көтеру мақсатында барлық жағдайлар жасалады және қаржы үнемделмейді. Әрине, қаржы көлемі тым қомақты емес пе?

Ұқсас жазбалар

Жер бетіндегі ең көне кітап

Мектеп туралы қызықты жайттар

Өміріңізге қауіпті 9 мамандық туралы не білесіз?

Пікірлер

comments0

Пікір қосу