Онлайн тест

НегізгіhornavДәстүрhornavҮй-жай атаулары

Үй-жай атаулары

Дәстүр

Қазақ халқы қыстауларда жертөле қазып, кепелер тұрғызып тіршілік етсе, бертін келе, жартылай отырықшы және толықтай отырықшылыққа көшкен соң там соғып, бірнеше бөлмелер жасаған. Әрбір бөлме немесе үй-жайлары тұрмыс ыңғайлығына байланысты түрлі атауларға ие болған. Мұнымен қоса, аймақтардың климаттық жағдайларына байланысты үйлердің түрлері мен атаулары да өзгереді.

Баспана мәселесі қашанда адамзаттың ұшқыр қиялы мен арманының жетістігі. Қазіргі аспанмен таласқан зәулім үйлер, көз тамсандырар ерекше дизайндер қалалардың сәнін келтіріп, жылдан-жылға қарыштап дамып келеді. Әлемдегі әсем қалалардың бірі «Астана» қаласы, сәулеті мен сымбаты келіскен елорда біздің мақтанышымыз.

Албар – үйдің кіре берісі, сенек, дәліз.
Ауыз бөлме – үйдегі кіре беріс бөлме; ауыз үй.
Балаған – қабырғалары ағаштан құрастырылып, шөппен  жабылған уақытша баспана.
Балахана – үйдің екінші  қабаты, жоғарғы үй.
Бұғат – үй қабырғаларының жоғарғы жақ ернеуі (карниз).
Долан – айналасы шарбақпен қоршалған мал тұратын орын.
Дың – ислам дәуірінен бұрын болған сәулет құрылысының бір түрі.
Жатын – жатып-тұратын, ұйықтайтын бөлме.
Жер үй – жерден қазылып жасалған үй.
Жеркепе – тұтас немесе дені жерден қазылып жасалған тұрғын үй, жер үй.
Жерошақ – қазан асу үшін жерден қазылып жасалған ошақ.
Жертөле – уақытша мекендеу үшін жерден қазылып төбесі жабылған баспана.
Кәң – мұржасы үйдің еденінің астынан өтетін ошақ.
Кенере – үй қабырғасының шатырмен жанасар жеріндегі шығыңқы үстіңгі бөлігі.
Кепе – уақытша баспана, лашық.
Күмбез – мешіт, сарай сияқты құрылыстарының сәнді өрнектермен әшекейленген шаңырақ тәрізді төбе.
Қақыра – қамыстан, балшықтан қаланған уақытша баспана, күрке.
Қамба – астық, түрлі шикізат сақтайтын орын.
Қамсау – баспана, қалқа, қорған, жылуы бар лыпа.
Қапас – ауыр жазалы адамды қамайтын тас қамау.
Қарабура – қамыс, қурай сияқтылардан жасалған қоршау, шарбақ, қора.
Қасбет – ғимраттың маңдай алды.
Қоржын үй – ауыз үйден оң жақ, сол жаққа қарай бөлме тарайтын үй.
Қос – белгілі бір жұмысты істеуге шыққан адамдардың уақытша тұратын баспанасы.
Қыстау – малшылардың мал қыстатуға арналған қысқы мекен-жайы, қора-қопсысы.
Мәтке – үйдің төбесін жабуға көлденеңінен салынатын арқалық.
Рабат – қаланың шетіндегі қосымша елді мекен.
Сағана – күмбез үй, ғимарат.
Сенек – үйдегі кіре беріс бөлме, дәліз.
Там – шатырлы және тоқал үй.
Тауша – там үйдің қабырғасындағы ыдысаяқ қоятын сөре.
Ас үй – ас дайындайтын, сақтайтын, ас пісіретін үй.
Төр үй – үйдің ең жоғарғы, түпкі бөлмесі.
Уақап үй – көпшілік болып жабылып салған ортақ үй.
Ұра – астық сақтайтын жерден қазылған жасырын жабық бөлме.

Ұқсас жазбалар

Ұлттық ойын түрлері

Зергерлік бұйымдар

Балық атаулары

Пікірлер

comments0

Пікір қосу