Онлайн тест

НегізгіhornavДәстүрhornavҰлттық тағамдар

Ұлттық тағамдар

Дәстүр

Дүние жүзінде қанша ұлт болса, сонша ұлттық асхана бар, ал әрбір ұлттық асханада сан алуан бір-біріне ұқсайтын және ұқсамайтын ұлттық ас мәзірлері бар. “Ас адамның арқауы” деген қазақ халқы тағам құнарлығымен сіңімділігін және бір-бірімен деген үйлесімділігіне аса мән беріп, оның жасау технологиясын атадан балаға мирас еткен.

Тәуелсіздігімізді алғалы ұлттық тағамдарымыздың түрлері жаңарып, өшкеніміз қайта жаңғыруда. Осының нәтижесінде әлемнің түкпір-түкпірлерінде қазақтың ұлттық асханалары қазақ халқының мейманжайлығын паш етуде.

Сүт тағамдары: айран, ашымық, қаймақ, құрт, қымыз, қымыран, май, сүзбе, сүт, шалап, шұбат, ірімшік.
Ет тағамдары: әсіп, бас, борша-кіме, бұжығы, бітеу, жал, жау-жұмыр, жая, жөргем, ет, ет қошан, қазы, қарта, қарынбөртпе, қимай, қуырдақ, мипалау, сырбаз, үлпершек, шұжық.
Сорпа тағамдары: жас сорпа, бастың сорпасы, дөнен сорпа, кәкірім, қалжа, нарын, тұрамыш, жылытпа.
Ұн тағамдары: бауырсақ, бөкпен, бүкпелер, быламық, қытырлақ, жайма, зуала, нан, таба нан, жаппай нан, қазан нан, тандыр нан, тәтті нан, тоқаш.
Дән тағамдары: боза, бадырақ, жарма, майсөк, палау, сүркүріш, сөк, талқан, тарыкөже.

Ұқсас жазбалар

Мата атаулары

Киіз үй атаулары

Ағаш өңдеуде қолданылатын құрал-жабдықтар

Пікірлер

comments0

Пікір қосу