Онлайн тест

НегізгіhornavДәстүрhornavТұрмыста қолданылатын құрал-жабдықтар

Тұрмыста қолданылатын құрал-жабдықтар

Дәстүр

Қазақ халқы да өзге халықтар сынды өз тұрмыстарын оңалтып, еңбек ету барысында тұрмысқа ыңғайлы, қолдануға жеңіл құрал жабдықтар жасаған. Құралдарға көбіне өз қызметіне қарай атаулар беріп қолданысқа енгізген. Олардың бірқатары әлі күнге шейін қолданыстан түспеген.

Көпшілігі заманауи технологияның дамуына байланысты қолданыстан шығып, соған сәйкес атаулары да ұмытыла бастаған. Дегенмен бұл құралдар біздің тарихымыз, өткеніміздің естеліктері, сондықтанда олардың атауларын біліп жүру ешкімге артық етпейді.

Атанақ – Құдықтан су тартқанда  арқан жылжып тұру үшін салынған блок.
Әндеме – Сылақшының үй сылайтын қалағы.
Безбен – Заттың салмағын өлшейтін қол таразы.
Білеме – Қайрақ тас.
Ара – Дөңгелек, кеспелтек ағаштарды аралап кесуге, бөлуге арналған құрал.
Біз – Сүйрік боп келген, теріден немесе қатты маталарды тесуге арналған құрал.
Атауыз – Қағылған шегелерді жұлуға және сым, жұқа темірлерді бөлуге арналған құрал.
Балта – Ағаш жаруға, оларды бөліктеуге арналған шаппа құрал.
Бәкі – Ет турауға және сақал қыруға арналған қалта пышақ, шаппа.
Күрек – Жерді қазуға, көмуге арналған еңбек құралы, үшбұрышты, қалақ тәрізді түрлері бар.
Зембіл – Ауыр заттарды тасу үшін жасалған екі кісілік тасымал құралы.
Зуза – Жаралыларын алып жүретін зембіл тәрізді құрал.
Зырылдауық – Дабыл беріп, мал үркіту үшін жасалған құрал.
Иінағаш – Су әкелу үшін әдейі жасалған құрал, әпкіш, күйенте, мойынағаш.
Кез – Ұзындығы 1 метрге тең ағаштан жасалған өлшемдік құрал.
Келсап – Келіге салынған нәрсені түйгіштеп уататын аспап.

Ұқсас жазбалар

Қазақтың ұлттық киімдері

Киізден жасалатын бұйымдар

Бесік түрлері

Пікірлер

comments0

Пікір қосу