НегізгіhornavДәстүрhornavТеріден жасалған ыдыс атаулары

Теріден жасалған ыдыс атаулары

Дәстүр

Тері өңдеу кәсіпшілігі қолөнерлердің арасында жетекші орын алған. Қазақтар баяғыдан-ақ тері илеуді және оны әртүрлі түске бояуды білген, теріге батырма салу, өрнек тігу техникаларын меңгерген. Бояуларды өсімдіктерден және жергілікті жерде өндірілетін түрлі минералдардан алған.

Сары, қоңыр, тоқсары, қызыл, күрең қызыл, қан қызыл және басқа бояғыштар алынатын негізгі өсімдік риян мен оның тамырлары болған. Мысалы, қанық сары бояғыш алу үшін ашудастан жасалған арнайы ертіндіге тамырды көп мөлшерде салып қайнатқан. Көптеген шебер әйелдер бояудың нілі шықпас үшін ерітіндіге қойдың майын қосқан.

Көнек – Ірі қара малдың бас не мойын терісінен жасалған, бие саууға не құдықтан су алуға арналған шүмегі бар ыдыс.
Қауға – Малдың терісінен жасалып, құдықтан су тартып алуға арналған шелек.
Мес – Сұйық тамақ құю үшін, бітеу сойылған ешкі терісінен жасалған ыдыс.
Саба – Жылқы терісінен жасалып, қымыз ашытуға қолданылатын ыдыс.
Самар – Қымыз құятын, ет жасайтын үлкен сопақ тәрізді астау, тегене, тегеш.
Сүйретпе – Ірі малдың бас терісінен немесе мойын терісінен қымыз құюға арналған үлкен торсық.
Талыс – Жылқының бас терісінен жасалған онымұны салып қоятын ыдыс.
Торсық – Сусын қою үшін ыстылған теріден жасалған шағын ыдыс.
Жан торсық – Жолға шыққанда сусын құйып, жанға байлап жүретін торсық.
Шанаш – Малдың терісінен істелген түрлі зат салуға арналған ыдыс.

Ұқсас жазбалар

Ет мүшелерінің атаулары

Киізден жасалатын бұйымдар

Металл өңдеуде қолданылатын құрал-жабдықтар

Пікірлер

comments1

кукловод

тамаша сіздерге көп көп рахмет

comment-date24.04.201702:13

Пікір қосу