Теріден жасалатын бұйымдар
Онлайн тест

НегізгіhornavДәстүрhornavТеріден жасалатын бұйымдар

Теріден жасалатын бұйымдар

Дәстүр

Халық тұрмысында мал терілерін өңдеу, іске жарату мал шаруашылығымен қатарлас дамып келе жатыр. Негізгі тәсілдер күні бүгінге дейін қарапайым, тұрмыстық қолданыстағы жолдар болды. Бірақ үй жануарларының терісін илеу, өңдеу жұмыстары аса ыждаһаттылық пен көп қажырлы еңбекті талап еткендіктен бұқаралық іске айналмады, ал түлкі, қасқыр, қоян, бұлғын т.б. сынды жабайы аңдар терісі тұтасымен қолданылды.

Ірі қара малдың иленбеген терісін шылғи тері немесе шылғи қайыс, ал тері иленіп ұқсатылғаннан кейін оны «қайыс» деп аталады.

Сырт киімдер: жарғақ, тай жақы, тақыр шалбар, тон, аба, бота ішік.
Бас киімдер: бөрік, құлақшын, малақай, тақия, тымақ.
Аяқ киімдер: мәсі, мықшима, саптама етік, шарық (шоқай), кебіс, шоңқайма.
Ыдыстар: бұлқыншақ, долы, дорба, кесеқап, көнек, қауға, мес, саба, сүйретпе, талыс, торсық, шанаш, шынықап (теркеш).
Ер кісі жабдығы: белдік, кісе, қорамса, қын, оқшантай.

Ұқсас жазбалар

Тастан жасалған заттар

Мата атаулары

Қару-жарақ атаулары

Пікірлер

comments1

Мансұр

Рақмет

comment-date10.04.201810:44

Пікір қосу