Онлайн тест

НегізгіhornavДәстүрhornavТастан жасалған заттар

Тастан жасалған заттар

Дәстүр

Адам баласы алғаш еңбек ете бастаған дәуірден бастап тастар еңбек құралдары және тұрмыстық заттар ретінде қолданыла бастады. Тас дәуірі адамзат өткен кезеңдер ішіндегі ең ұзақ дәуір.

Қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде де тастан жасалған заттар ерекше орынға ие. Кейін келе, қазақ халқы да асыл тастарды әшекей бұйымдарға пайдаланған.

Арқар тас – қабір басына орнатылған ескерткіш тас.
Астау – малға су беру үшін пайдаланылған.
Әйкел – құдықтың қақпағы.
Балбал тас – жауынгер-сарбаздарға арналған мүсіннің жанына қойылған тас бағаналар (өлтірген жауының санына тең).
Еркек тас – диірменнің үстіңгі тасы.
Есек тас – әдемілеп жонылған тас.
Келіншектас – дүние салған жас адамның басына ескерткіш есебінде қойған мүсіндік бейне.
Кемпіртас – дүние салған кәрі адамның басына ескерткіш есебінде қойған мүсіндік бейне.
Кен үккіш – тау-кен өндірісінде қолданылған.
Күмбез там – күрделі архитектуралық ескерткіш.
Қой тас – қойдың үлкендігіндей бөлек-бөлек тас.
Қол диірмен – дәнді тарту үшін қолданылған.
Қошқар тас – қабір басына орнатылған ескерткіш тас.
Құлпы тас – қабір басына орнатылған ескерткіш тас.
Мала тас – жер тегістеуде қолданылған.
Сағана – қабір үстіне салған үй.
Сағана там – күрделі архитектуралық ескерткіш (кереге там).
Тас балға – күрделі архитектуралық ескерткіш (кереге там).

Ұқсас жазбалар

Бесік түрлері

Ағаш өңдеуде қолданылатын құрал-жабдықтар

Киізден жасалатын бұйымдар

Пікірлер

comments0

Пікір қосу